Жұма, 22 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 4209 14 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 16:22

Своиктің аузына Сәтқалиевтер сөз салып беріп отыр!

Қазақстандық экономист, саясаттанушы Петр Своик «AIRAN» YouTube арнасына берген сұхбатында қазақтар мен Қазақстанды «орыс әлемінің бір бөлшегі» деп атады.

«Тарихи және географиялық тұрғыдан алып қарағанда, солай. Әрине, кезінде бәрі жақсы болды дей алмаймын. Бірақ, Қазақстан мен қазақтар – «орыс әлемінің» бір бөлігі, – деді ол.

Саясаттанушы білімді қазақтардың барлығы автоматты түрде қазақи ортада орысша сөйлейтінін атап өтті.

«Қазақстаннан өзге ұлт өкілдері жоқ болып кетсе де, қазақтар орыстілді болып қала береді. Тіл бар жерде көзқарас та, білім де, информатика да, тағы басқалары да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді», - деді Петр Своик.

Ресейде, бұрынғы Ленинград облысының Зеленогорск қаласында туған Своик қазір 75 жаста. Петр Своиктің осыған дейін де даулы мәлімдемелер жасап, елді шулатқан кезі аз емес. Мысалы, ол бұған дейін: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі», - деп сөйлеген.

Ең өкініштісі, шеттен келген шүрегей деген Петр Своик бұл сөздерді аспаннан алып отырған жоқ. Ақорданың айналасынан бастап есеп етсек, Үкімет пен Парламентте мемлекеттік тілді білмейтін, білгісі де келмейтін ақ жағалылар (ірілі-ұсақты шенеуніктер, депутаттар, министрлер мен вице-министрлер, мемқызметкерлер) жетіп жатыр. Солардың бірі, күні кеше ғана Жаңаөзен мұнайшылары еңбек дауымен барып, есігін қаққан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. БАҚ өкілдерінің сауалдарына мемлекеттік (қазақ тілінде) жауап бере алмай, мүдірген министр: «Маған 6 ай уақыт беріңіздер. Қазақшаға судай боламын», - деп жалыған.

Биліктің биік дәліздерінде жоғары мемлекеттік қызметтерді атқарып жүрген азаматтардың мемлекеттік тілді білуге еш әрекеттенбеуі – Петр Своик секілділердің аузына сөз салып, желпіндіріп отырғаны шындық.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257