«Қара пима» таспаға түсті
1996 жылы Республика Сарайында Алтынбек Қоразбаевтың жеке шығармашылық концертінде «Қара пима» поэмасының тұсауы кесілген болатын. Ұлықбек Есдәулеттің сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың әнін нақышына келтіре орындаған Алма Аманжолованы халық ыстық ықыласымен, зор қошеметімен сахнадан шығарып салған еді. Әншінің бағын ашатын бір ән болады демекші, Алманың халыққа кеңінен танылуына жол ашқан ән осы «Қара пима» болатын. Міне, араға он үш салып, әнші Алма Аманжолованың бастамасымен «Қара пима» фильмі дүниеге келді. Режиссері - Алманың продюсері Руслан Иманғали. Фильм аталған поэма желісі бойынша түсірілген.
Қаңтар айында түсірілімін бастаған фильм наурыз айында өңделіп, аудандардағы шағын кинотеатрларда көрсетілуде. Алматы қаласындағы ресми түрдегі тұсаукесер рәсімі жуық арада жасалады деп жоспарлануда. Фильм әрі қарапайым көрерменге ой салу мақсатында, әрі байқауға қатысуға негізделіп түсірілген. Негізгі оқиға желісі ауылдағы қарапайым шаңырақ аясында өрбиді.

Олар дәм-тұзы жарасқан, айрандай ұйыған әдемі отбасы болатын. Әйелі (Алма Аманжолова) аяқ астынан ауруға шалдығып, бақиға аттанады. Бұл отағасы Болатқа (Руслан Иманғали) және жалғыз ұлдары Талапқа (Марлен Советбек) оңай тимеді. Сүйікті жарынан айырылған Болат күйікке шыдамай араққа салынып кетеді. Баласы Талаптың болашағына немқұрайлықпен қараған әке өзімшілдік танытып, «мен енді ешкімге керек емеспінмен» өмір сүреді. Содан бар ауыртпашылық, үйдің шаруашылығы он жасар Талаптың мойнына артылады. Үйге кіріс болмағаннан кейін ішімдікке тиын таппаған Болат біртіндеп үйдің ішіндегі дүниелерге қол сала бастайды. Құнды дүниелердің бәрін шайтансуға айналдырған Болат үйінде қолға ілінер зат таппағаннан кейін ұлының мектепке киетін жалғыз қара пимасына көзі түседі. Қолтығына қысып, бөтелкелестерін қуантуға алып бара жатқан сәтте Талап жалаңаяқ артынан жүгіріп, қара пиманы сатпауын өтініп, жалынып, жылайды. Болат ұлының басынан бір періп жөнімен кетеді. Әкесінің ауыр соққысынан талып қалған бейшара баланы көршілері тауып алады да, аудандық ауруханаға жеткізеді. Бұл уақытта бөтелкелестерін риза қылған Болатқа жақын жолдасы келіп, ақылын айтып, әйелі үшін баласының жағдайын жасауын сұрайды. Сонда ғана есін жиған әке үйіне қарай жүгіреді. Жасаған қателігін түсініп, жолда ұлына қара пима сатып алады. Үйіне келсе, есік ашық. Қыстың қарлы бораны үйінің ішін азынатып жіберген, жан баласы жоқ.
Көршілерінен сұрастырып, баласының ауруханада жатқанын естиді. Қарапиманы қолына ала сала, ауруханаға келеді.
Ұлынан кешірім сұрап, енді ешқашан арақты аузына алмайтындығына уәде берген әке ұлына әкелген қара пимасын көрсеткенде: «Әке, маған енді ешқандай пима керек емес» деген жауап естиді. Талаптан мұндай сөз күтпеген Болат көрпені ашып қалса... Бәрі де кеш еді... Дәрігерлер баласының үсіген екі аяғын тізеден төмен кесіп тастаған екен.
Жүректі тілгілеп, жаныңды ауыртып фильм аяқталады.
Кино түсірудегі басты мақсат қоғамда арақпен азғындап, адамдықпен қош айтысқан азаматтарға ой салғымыз келді, - дейді Алма Аманжолова. - Еңбектенгенді қаламайтын, ата-анасының зейнетақысын тартып алып, қу құлқынның қамымен арақпен серік болып, арсыздыққа бой ұрған жастар қазір әсіресе ауылдарда көп қой. Осыны ашып айтып, халыққа ой тастауды мақсат еттік. Осы фильмнің түсірілуі менің де шығармашылығымның жаңа леп алуына, жандануына өзіндік әсерін тигізді. Және «Қара пима» әнінің бар болмысын, айтқысы келген ойын камераға түсіре білген режиссердің шеберлігі деп білемін. Сондықтан осы жерде Руслан Иманғалидың есімін ерекше айта кеткен жөн».
Айта кетейік , фильмдегі бас кейіпкерлердің бірі Талаптың рөлінде ойнайтын Марлен Советбек - Ахмет Жұбанов атындағы мектептің оқушысы. Бір-бір жарым сағатқа созылатын фильмнің айтары мол. Құнын құпия санағанды жөн санаған режиссер фильмді байқауларға да ұсынатынын айтты. Еліміздің кинотеатрларынан бір айдай көрсетілген соң дискісі таратылады. Жұртқа ой салады деген ниетпен әлеуметтік маңызы зор, тәрбиелік мәнге ие фильм көрермен қауымға жуық арада жол тартады.
www.dastan-studio.kz, тамыз, 2009 жыл