Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2986 8 пікір 28 Сәуір, 2023 сағат 13:26

Күдебаевты таптық. Байбек қайда?

Назарбаев шегендеп кеткен шекарадан Күдебаевтың қашып кеткені естеріңізде болар? Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы ақыры Стамбулда ұсталыпты. Қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.  Оның қалай қашқаны, неге бас бостандығын Түркиядан іздегені көп сарапшының күлкісін келтірді. Өйткені Түркиямен арада экстрадиция бойынша келісім бар екенін қашаған генерал жақсы білетін еді.

Қазақстанның жаңарып кеткені рас болса, Күдебаев енді бостандықтан кемі 8 жыл күдерін үзуі керек. Мұның алдында сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені қылмыстық жолмен заңдастырғаны үшін айыпталған Қайрат Боранбаев та 8 жылға сотталған. Ал «Қайрат Боранбаевқа «Орталық стадион» маңынан жер алып беру үшін заң талаптарын бұзған» деген сыбыс тараған тағы бір қашаған Бауыржан Байбек қашан тұтқынға түседі?

Кей сарапшылар 2023 жылдың аяғына дейін жақында ғана Германиядан төбе көрсеткен Бауыржан Байбектің үстінен қылмыстық іс қозғалады дейді.  Оған Алматы қаласының жерлерін олигархтарға үлестірген деген айып тағылады деп болжайды. Дереккөздерге сенсек, махинациялар саны бойынша Байбек Храпуновтан кейін екінші орында тұр екен. Төрт жыл түкірігі жерге түспей Алматы қаласының әкімі болған Байбек мырза осы аралықта былыққа батқан көрінеді.

Экс-әкімнің «дәуірлеген» кезеңі демалыс аймақтары мен заңмен қорғалатын жерлерді мемлекет меншігінен шығарып, олигархтарға берумен ерекшеленді. Соның нәтижесінде «Есентай», «Көктөбе» сынды саны көп элиталық тұрғын үй кешені пайда болды. Медеу, Бостандық, Наурызбай аудандарының құрылыс жоспарлары қайта-қайта түзетілді. Бұдан басқа, Медеу және Бостандық аудандарында 116 гектардан астам табиғи зоналар мен демалыс орындары коттедждер мен көппәтерлі үйлер салу үшін ақшалары бар ақ жағалыларға сатылып кетті.

Туған һәм тойған жерінен шығандап кеткен Байбектің жарлығымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жерлері «Омирекс» пен «Атлас девелопмент» фирмаларының дәргейіне өткен. Ең қызығы (таңғалатын жайт емес), екі фирманың да негізін – қалаған шекара шегендегіш кісінің ерке қызы Динара Құлыбаева.

Экс-әкім қазір Солтүстік Кипрде деген ақпарат бар. Ал оны Жаңа Қазақстан экстрадициялай ала ма?

Асылан Қуанышұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371