Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 3251 7 пікір 11 Мамыр, 2023 сағат 14:04

Абылай Мырзахметов не үшін ұсталды?

Қазір «Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталып, Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында отыр. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің дерегінше, ол «туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектескен және кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі» деген күдікке ілінген.

«Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасады», – деді Антикор.

Сондай-ақ департамент ҚР Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес тергеудің мүддесі үшін бұдан басқа ақпараттарды әзір жария етуге болмайтынын жеткізді.

2022 жылы 18 ақпанда Абылай Мырзахметов басқаратын «Атамекен» басқармасы отставкаға кетті. Абылай Мырзахметов 2013 жылдың қыркүйегінен бері ҰКП басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, әр жылдары жеке секторда жұмыс істеп, «Қазақстан темір жолын» да басқарды. 2001-2002 жылдары Көлік және коммуникация министрі болды.

2002 жылдың наурыз айында Мырзахметов қылмыстық істі тергеу қызметінен босатылды, ал 2003 жылдың мамырында мемлекеттік мүлікті ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 

Abai.kz 

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396