Жұма, 19 Маусым 2026
Құсни хат 836 0 пікір 17 Маусым, 2026 сағат 13:50

Ион Деаконеску: Ұлықбек – ғаламдық деңгейдегі ақын!

Суреттер: novamakedonija.com.mk, qalamger.kz сайттарынан алынды.

Румын ақыны Ұлықбек Есдәулет поэзиясына жоғары баға берді

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлт ақыны Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылығы шетелдік әдеби ортада да жоғары бағаланып келеді. Соның бір дәлелі – румын ақыны, әдебиеттанушы әрі мәдениет қайраткері, Халықаралық Эминеску Академиясының президенті, академик, шартарапқа аты кеңінен танымал ақын, доктор Ион Деаконескудің (Ion Deaconescu) қазақ ақынының жыр әлеміне берген жүрекжарды пікірін ұсынамыз.

Ақын Ұлықбек Есдәулеттің кітабын аударған және алғысөзін жазған Ион Деаконеску.

***

Көптеген оқырмандар үшін Қазақстан «дүниенің шетінде», көз бен ой жетпейтін көкжиектің ар жағындағы ел болып көрінеді. Қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулет бүкіл адамзатқа ортақ ұлы поэзиямен үндесетін, таңғаларлық заманауи жырлар жазады. Ол сиқырлы құстың қауырсынымен жыр жазатындай; оның қанатты сөздері болмыстың тылсым сыры туралы терең сезімді, махаббат, тарих пен дәстүр тоғысқан ойлы толғанысты бізге жеткізеді. Бұл сарындар оның есте қаларлық өлеңдерінің өн бойында асау ағыс секілді өріліп жатады.

Ұлықбек Есдәулет – қазақтың классикалық поэзиясынан нәр алған, терең мұңға толы жырлардың авторы. Оның поэзиясы – өткен мен бүгінді қастерлейтін, адам жанын асқақтатуға ұмтылатын ойлардың, сезімдердің және естеліктердің баға жетпес қазынасы.

Ақынның шығармашылығы арқылы бір елді, оның күрделі тарихын, қайсар әрі бақ қонған халқының тағдырын, сондай-ақ өткеннің көзді ашып-жұмғанша өте шығатын сәттерін тануға болады. Өйткені ақын – көреген тұлға; оның жырларында жады уақыт пен қашықтықты еңсеріп, өзіндік әрі батыл сөз өрнегі арқылы көрініс табады.

Ұлықбек Есдәулет – әлемді сөз арқылы көріп, сөз арқылы өмір сүретін ақын. Ол оқырмандарын бұлттар мен өзендерді, балалық шақты, көк жайлауларды, ата-бабаларды және туған елді сүюге үндейді.

Ол үшін поэзия – өмірдің өзі, сөз – алтын, ал ой – жарқыраған гауһар.

Сол үшін ол ғаламдық деңгейдегі ақын.

Ион Деаконеску,

Эминеску Академиясының Президенті, ақын

Abai.kz

0 пікір