Ғалым БОҚАШ, шығыстанушы-журналист. Ақалтекелі Аладин
Мұнай мен газға бай Вадия атты дамушы елдің Аладин есімді адмирал-генерал шенді билеушісі дербес олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Жаяу жарысқа спортшыларды өзі бастап шығады да, мәре сызығында белгі күтіп тұрған бәсекелестерінен алға қарай біраз ұзап кеткесін барып қолындағы жалт-жұлт еткен алтын тапаншасын жоғары көтеріп тарс еткізеді. Сосын тапырақтап тұра жүгіреді. Жарысты кейін қалып бастаса да, соңындағы желаяқтар сәлден соң бұны қуып жетуге айналады. Мұны көрген Аладин жол бойы өзінен озуға талпынғандарды атып тастап отырады. Сөйтіп мәреге жеке-дара жетуге аз қалады. Бірақ өкпесі құрғыр сыр беріп, денесі дел-сал болып әлі құри бастайды. Сол кезде Аладиннің ишарасы бойынша мәре сызығын бейнелейтін лентаны ұстап тұрған екі адам бұған қарсы жүгіреді. Осылайша «жеңімпаз билеуші» мәре сызығын бірінші болып «кесіп өтіп», көптің қошеметіне бөленеді.
Осы апта көршілес бір елде бірінші басшысының өзі қатысқан «салтанатты жарыстың» видеосын көріп отырып, жоғарыда айтылған ұлыбританиялық талантты комедия әртісі Саша Барон Коэннің бір фильміндегі сценарийді шын өмірде не үшін қайталау керек болды екен деп ойладым. Бұл елде де өз ныспысына барша атақ-дәрежені тіркеп алған жетекші әлемде жоқ дербес спорт сайысы - асыл тұқымды ат жарысын ұйымдастырады. Оған өзі қатысады да, арнайы шақырылған қалың жұртшылық-

тың - ел тұрғындары мен шетелдік қонақтардың алдында жеңіп шығады. Тізгінді тартыңқырай шауып келе жатқан басқа шабандоздар «шаң қауып қала береді».
Бірақ соңғы сценарийдің авторлары Коэннің нұсқасын дұрыстап зерттемеген сияқты. Өйткені, Аладин нағыз дара билеушіге тән әдетпен өзін барша кездейсоқ сыртқы факторлардан қорғаған тұлға. Тіпті, жарысқа тізесі дірілдеп тұрса да, тек өз аяғына сеніп шығады. Ал мына «шабандоз жетекшінің» өзі де, кеңесшілері де бәйге атының конституциядағы өзгерістерден хабары жоқ, ресми БАҚ-ты оқымайтын таза жануар екенін ұмытып кеткенге ұқсайды. Хош, айтып-айтпай не керек, мәре сызығын кесіп өткесін «жеңімпаз жетекші» тізгінді босатып, кеудесін тіктей беріп еді, әлгі жануар сценарийді тас-талқан етті. Жалғыз қазыққа арандағандай кілт тоқтады. «Нөмір бірінші шабандоз» тізерлей жығылған жылқының басынан асып барып етпетінен созыла құлады.
Ипподромда құрметті қонақ болған куәгерлердің сөзіне сенсек, ары қарай Коэннің қиялындағы Вадия елінде болған жайттардан да реңкі қоюырақ оқиғалар басталған. Әуелі манадан саңқылдап тұрған бәйге комментаторының үні кілт үзілген. Абдырап үнсіз қалған тым-тырыс жұрттың ішінде бірінші болып алдыңғы қатарда отырған лауазымды шенеуніктер ес жиып, сұлық жатқан жетекшілеріне жаппай ұмтылған. Күзетшілер ипподромның жолын қоршаған бөгетті бұзып, «жедел жәрдем» көлігі кеп «шабандозды» тиеп әкеткен. Бұл аралықта көрермендердің арасында жылап-сықтау басталып, бірнешеуі талықсып кеткен. Аздан соң есін жиып, көп алдына шыққан «жеңімпаз жетекші» жүлдесін атбегілерге табыс еткен. «Шабандоз басшының жомарттығы мен ержүректігін» мадақтап саңқылдаған комментатор үні қайтадан жарқын-жарқын шығып, қол шапалақтау қалпына келген. Бұдан соң «жеңімпазды» көруге арнайы шақырылған барша адамның қолдарындағы фото-видео камералары жаппай тексеріліп, бүкіл материалдар жойылған. Мұндай ХХ-ғасырдың сирек кәмпескесіне елшілер де ілініп кеткен.
Бірақ «шабандоз басшының» жер сүзе құлаған тарихи кадры бір тәулік өтпей жатып, интернет бетіне қалқып шыға келді. Енді бұл көріністің түрлі тәпсірі пайда болары анық. Біреулер: «Бұл - тізгінді ешқашан босатпау туралы белгі» десе, екіншілер: «Әлгі бәйге аты осы елдегі ашық наразылық танытқан алғашқы саяси диссидентке айналды» дер. Ал менің есіл-дертім - манағы Коэннің сценарийінде. Фильмде адмирал-генерал Аладинді оған түрі ұқсайтын бір бақташымен ауыстырып қоятын эпизод бар. Мына «шабандоз жетекшінің» кеңесшілері фильмнің сол тұсын көрді ме екен? Көрсе, ол әдісті жаңағы ат жарысқа дейін қолданып үлгерді ме екен, жоқ әлде, кейін қолдануларына тура келді ме екен?
"Қазақ әдебиеті" газеті