Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4572 0 пікір 14 Мамыр, 2013 сағат 06:43

Бибігүл Дәулетбекқызы: «Еліміздегі телеарналардың кемшіліктеріне табалап емес, тілекші болып қараймын

Жуырда қазақ сайттарының бірінде  «Көрінбейтін көгілдір экран» атты мақала жарияланды. Автор БАҚ төңірегіндегі біраз мәселені тілге тиек етіпті. Оқырмандар да мақала соңынан өз ойларын білдірген екен. Ондағы әңгіменің түп-төркіні мықты журналистердің жолын әлсіздер байлап жатыр дегенге саяды. Жалпы, автор өз мақаласында қазіргі қазақстандық арналарға қатысты көптеген өзекті мәселелерді көтеріпті. Ал орыстілді сайттарда болса, "Отличные перлы или язва на ТВ пространстве Казахстана" деген мақала жарқы көрді. Мақала авторы қазақ журналистерінің арасында да мықты тележурналистердің жүргенін айта келіп, Бибігүл Дәулетбекқызын ерекше атап өткен екен. Осыған орай, бүгінгі БАҚ, оның ішінде тележурналистика туралы Бибігүлмен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Сіз туралы оң пікір білдірген оқырман пікіріне сайсақ, бүгінгі таңда өз ісін білетін, өзін маман ретінде дәлелдеген көптеген тележурналистерді телевизияға тартудың орнына, шетқақпайлай беретін көрінеді. Бұған не дейсіз?

Жуырда қазақ сайттарының бірінде  «Көрінбейтін көгілдір экран» атты мақала жарияланды. Автор БАҚ төңірегіндегі біраз мәселені тілге тиек етіпті. Оқырмандар да мақала соңынан өз ойларын білдірген екен. Ондағы әңгіменің түп-төркіні мықты журналистердің жолын әлсіздер байлап жатыр дегенге саяды. Жалпы, автор өз мақаласында қазіргі қазақстандық арналарға қатысты көптеген өзекті мәселелерді көтеріпті. Ал орыстілді сайттарда болса, "Отличные перлы или язва на ТВ пространстве Казахстана" деген мақала жарқы көрді. Мақала авторы қазақ журналистерінің арасында да мықты тележурналистердің жүргенін айта келіп, Бибігүл Дәулетбекқызын ерекше атап өткен екен. Осыған орай, бүгінгі БАҚ, оның ішінде тележурналистика туралы Бибігүлмен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Сіз туралы оң пікір білдірген оқырман пікіріне сайсақ, бүгінгі таңда өз ісін білетін, өзін маман ретінде дәлелдеген көптеген тележурналистерді телевизияға тартудың орнына, шетқақпайлай беретін көрінеді. Бұған не дейсіз?

- Мүмкін. Жас ақындарға шабыт берген Ертай Нүсіпжановтың «Айтысы», Назгүл Дәуітәліқызының «Тіл сақшысы», «Ел-жұртпен» елдің есінде қалған Оразәлі Баймұрат, Серік Әбікенұлы сияқты талантты тележурналистеріміздің бағдарламаларын жапқанда кім не ұтты?! Бізде бір жаман әдет - жақсы нәрсені көре алмаймыз. 2009 жылы менің хабарым жабылған соң, қатты күйзеліске түстім. Сол кездері маған бір досым Сергей Минаевтың «Media Sapiens» атты кітабын әкеліп берген. Бірінші оқығанымда «бұл өзі не кітап?» деп күлдім. «Бұл бізге арналмаған» деп, кітапты ары итеріп қоя салдым. Бір ай өткеннен кейін үйде жалғыз өзім ойланып отырып, кітапты қайта қолыма алып оқи бастадым. Оқу барысында көп нәрсені ұқтым, орыс журналистикасының қалай дамығанын түсіндім. Аяғымнан тік тұруға осы «Media Sapiensтің» көмегі көп болды. Мен одан ары мемлекеттік арналарға бармай, тек аутсорсингпен жұмыс істеймін деген шешім қабылдадым.

- Қазір аутсорсинг ұғымын телевизия саласынан бөліп қарай алмайтын ахуал орнады. Тиімді, тиімсіз тұсын таразыға тартып көрейікші.

- Аутсорсингтің екі жаққа да - тапсырыс берушіге де, орындаушыға да тиімді, тиімсіз тұстары бар. Тиімділігі, тапсырыс беруші жақ ол бағдарламаны қадағалап, артынан жүгіріп әуре болмайды. Тек ақшасын береді де дайын материалды алады. Тапсырыс алушы жақтан қарасақ, хабарды айтылған уақытына дейін қалай да болса дайындап беруі керек. Бір апта қиналған соң, артынан қомақты қаражат түседі. Одан кейінгі уақытта қайда боласың, ол жағын өзің білесің. Ең бастысы, тапсырысты жоғарғы деңгейде, дәл уақытында өткізіп тұрсаң болғаны. Тағы айта кететін жайт, аутсорсинг арқылы жұмыс істеген соң «халтура» деген болмайды. Тапсырыс берушілер хабардың деңгейіне, сапасына, сауаттылығына қатты мән береді, тексереді. Берген ақшасына татымды бағдарлама болғанын қалайды. Кемшілігі - өзіне қажетті дүниені өзгеге  сеніп тапсыруы болса керек.

- Еліміздегі журналистердің алатын жалақысы жыртығын жамауға да жетпейді деп жатады. Сіз мемлекеттік арнада да, коммерциялық арнадада да жұмыс істедіңіз. Ондағы журналистердің еңбегі қаншаға бағаланады?

- «КТК» арнасында жүріп, өзіме өмірлік мол тәжірибе жинадым. Коммерциялық арнада жүргенде ақшаға аса мән бермейтінмін. Өйткені біздің жалақымыз өте жақсы болды. Ал «Қазақстан» Ұлттық телеарнасына келгенде бәрі де өзгеріп сала берді. Жұмыс көп, ақша аз. Продюсер бола тұрып, жалақым жүз мыңнан әрең асатын. Оған қай жыртығыңды жамайсың?! Оны қойыңызшы, менде жұмыс істеген журналистердің алатыны сол 40-70 мыңның төңірегінде ғана болатын. Алматыда ондай ақшаға өмір сүру өте қиын. Бәрі ай сайынғы жалақыларын сарыла күтіп отырады. Осыдан кейін олардан «Бағадарламаны неге дұрыс жасамадың?» деп сұраудың өзі ыңғайсыз. Таңнан кешке дейін тапжылмай отырып жұмыс жасаса да, алатын, ақылары мардымсыз болғандықтан, кімнің жұмысқа құлшынысы артсын?! Сапасыз  бағадарламалар осыдан тумай ма?! Кез келген журналиске тиісінше жақсы жалақы беріп отырса, олардың істерінде береке болар еді.

- «Жетінші арнадағы»  жетістіктеріңізбен бөліссеңіз. Бұл арнада қазақ журналистерінің арасында ең алғаш болып сіздің екі бағадарламаңыз шығып, арнаның рейтингін көтеруге ықпал етті. Небәрі екі-үш жылда «Жетінші арна»  «Гэллап медианың» болжамы бойынша, үшінші орынға көтерілді. Арна басшылары сізді уақытша пайдаланған сияқты. Қазір соған өкінбейсіз бе?

- Жоқ. Мен ондай ойдан аулақпын. Қайта осы арнаға келіп, білмегенімді үйрендім. Ұлттық арнадан кеткеннен кейін мен біраз жүрдім, іздендім. Бір сөзбен айтсам, қарайып қалғым келмеді. Мені бірнеше жерге жұмысқа шақырған, өзім бас тарттым. Өзімнің жағдайымды жасап алмайынша, ешбір арнаға бармаймын деп шештім. Сөйтіп жүргенде Бибігүл Нұрғалиқызы енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан «Жетінші арнаға» жақсы ойын-сауық бағдарламалардың керектігін айтып, мені жұмысқа шақырды. Сол кезде осы «Жар-жар»  бағадарламасын ұсынғанымда, оны бірден қабылдады. Бірақ мен жүрексіндім,  аталған бағадарламаны шығару маған оңай болған жоқ. Өйткені ол біріншіден, біздің менталитетке жат. Екіншіден, оған ертеңгі күні адамдарды шақыра аламыз ба деген сұрақ тұрды.  Алайда «Жар-жар» «Жетінші арнадан» көрсетіле бастаған бетте-ақ көрермендер аудиториясы жылы қабылдай бастады. Әрине, сынаған адамдар да көп болды.  «Жар-жарға» кәрі-жас демей көптеген адамдар келіп, екінші жартысын тауып жатты.

«Жетінші арнадан» менің үйренгенім көп болды. Ол жерде жарық қоюды, режиссер қызметін, операторлықты терең меңгердім. Мәскеуліктердің бір артықшылығы - оларда барлығын мамандар істейді. Тікелей эфирде болатын бағдарламаларына қатысып отыратынмын. Олардың әрбір секунды есептеулі екеніне таңғаламын. Ресейдің арналарын өздерінің өнімдерімен жаулап алған «ВайТ медиа» компаниясының басшысы Тимур Вайнштейн, мәскеулік продюсер әрі режиссер Теймур Джафаров, қоюшы-оператор Павел Быковченколардан көп тәжірибе алғаныма қуанамын. «Жұлдыздар фабрикасының» түсірілімі болады-ау деген кезде мен сол жерде ыждағатпен білмегенімді сұрап, үйренуге тырыстым. Сондықтан бұл арнаға алғыстан басқа айтарым жоқ.

Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Астанада өткізген кеңесінде еліміздегі БАҚ қызметі жөнінде біраз ойлар, ұсыныстар айтқан болатын. Көбі орынды, әрине. Өзім журналист болсам да, еліміздегі масс-медианың қызметіне көңілім тола бермейді. Әсіресе, телевизия саласында жүргендіктен, қазақ арналарына қарап қарным ашады.

- Қарным ашады дейсіз? Сонда эфирден өтіп жатқан бағадарламалардың бірден көзге ұратыны қандай кемшіліктер? Әлде отандық арналарды қарамайсыз ба?

- Неге көрмеймін?! Көремін. Көп нәрсеге қарным ашса да, өз елімнің патриоты ретінде отандық арналардан безінуге хақым жоқ деп ойлаймын. Кемшіліктеріне табалап емес, тілекші болып қараймын. Қазір бұрындары онша біле бермеген дүниелерге қатты мән беретін болдым. Мәселен, теледидардан хабар көріп отырып, оны түсіруге неше камера қолданғаны, жарықты қалай қойып, қалай монтаждағаны, студияны қалай әрлегеніне дейін жіті бақылап отырамын. Ойласаң, ұсақ-түйек дүние сияқты көрінеді. Алайда экранның арғы жағындағы осы «майда-шүйде» жұмыстардың атқаратын рөлі өте зор. Жарықты дұрыс қою арқылы  бағадарламаны керемет түрлендіруге болады. Жарығы дұрыс қойылмаған студия экран арқылы көзге тоз-тоз болып көрінеді. Көлеңкелері сорайып, адамдар да ұсқынсыз кейіпке енеді. Ал бізде осы жұмыстарды жетік меңгерген білікті мамандар саусақпен санарлық. Телеарналарда электрик болып жүргендер соңында оператор болып кеткеніне қалай таңғалмайсыз?!

- Немесе администратор болып орналаса салысымен, сол істің оң мен солын айырып алмай жатып кенет редактор, әлде режиссер болып кететіндер мен аяқ астынан сценарий жазғыш бола қалатындар да бар дейсіз ғой. Сіздіңше сол сияқты «әттеген-айлар» көп қой шамасы?

- Иә, оныңыз рас. Ел көрмейтін  бағадарламалар мен екі сөздің басын біріктіре алмайтын жүргізушісымақтарға да кенде емеспіз. Әйтеуір, экранды толтыру мақсатымен не болса соны көрсете беретін арналар да бар. Қай бағдарламаны алып қарасаңыз да, сол баяғы адамдарды көресіз: әртістер, әншілер, өнер адамдары. Көптеген журналистер әншілерді қатыстырса жоғары рейтингке ие боламын деп ойлайды. Бірақ ол - қате түсінік. Бір адамды көре беруден жұрт та шаршайды ғой. Тағы да айтатын бір мәселе, телевизиядан берілетін өңкей атыс-шабыс, қылмыс, қантөгістерді көрсетуге тыйым салу қажет. Оны көріп өскен жастардың психикасы бұзылмай қайтсін?! Бірде аяғы ауыр құрбыммен бірге теледидар көріп отырғанбыз. Онда бір жігіттің өз анасын балталап өлтіргені көрсетіліп жатты. Әлгі жылт еткен көріністің өзі біздің жүрегімізді қалай тілігілеп еткенін білсеңіз. Менің басым ауырса, құрбым төрт бүктеліп жатып қалды. Ес тоқтатқан бізге осылай әсер етсе, жасөспірімдер жайында айтпасақ та түсінікті шығар.

- Сіздің мінезіңіз ортамен үйлесе бермейді, қатал дейді. Жүрсін Ерман ағамыз бір сұхбатында «Бибігүл барлығына ұнай беретін жүз доллар емес» деп кесіп айтқан еді.

- (Күлді) Иә, Жүрсін аға айтса, қатырып айтады. Негізі, бұл кісімен алғаш рет жүздескенімнің өзі қызық болды. Атырау облысында «Аялы алақан» бағадарламасының кезекті санын түсіру үшін іссапарда жүргенбіз, сол кезде Ұлттық арнада тағы да ауыс-түйіс болып жатыр деген әңгіме жетті. Он шақты күннен соң түсірілім тобы Алматыға оралдық. Келген күні әдеттегідей таңертеңгілік жиналыс болды.

Жиналыста отырмын. Кезінде күн сайын маған әдемі сөздерін арнаудан жалықпайтын әріптестерімді мүлде танымай қалдым десем де болады, кейбірі мені тіпті бөтен адам секілді қарсы алды. Жиналыста жамандағандары - менің төрт  бағадарламам: «Кино ғұмыр», «Бітімгер», «Аялы алақан», «Асқақ рух». Соңында қойылған нүкте «Аялы алақан» мен «Бітімгерді» жабу болды. Мен үндемей, қолымдағы қойын дәптеріме сурет салып, күліп отыра бердім. Бір кезде өзіме қадалған жанарды аңғарып қалдым. Бақсам, Ұлттық арнаға басшы болып келген Жүрсін аға екен. Түстен кейін хатшы қыз Жүрсін Ерманның шақырып жатқанын айтты. Қолымда «өз еркіммен жұмыстан кетемін» деген арызым бар. Кірдім. Ағаның жүзінен нұр төгіліп, маған қарап отырды. Бір кезде жұдырығын түйіп: «Сені барлығы мынадай қыз дейді, рас па?» деді. Мен: «Аға, барлығы үшін жауап бере алмаймын» дедім. Содан кейін: «мені де сен сияқты өмірде сындырғысы келгендер өте көп болды. Сол әрекетімен де олар мені одан бетер қайраттандырып жатқандарын білген жоқ» деп күлді. Жүрсін ағаның мықты бір қасиеті - өзі көз жеткізбейінше, біреуге қатысты артық айтылған әңгімелерге еш мән бермейді екен. Мені он шақты  бағадарламаның продюсері етіп белгіледі. Жалпы, ол кісі жағымпаз адамдарды жапон тілімен айтқанда, нағыз «самурайша харакири» жасап жібереді. Айтса, бетің бар, жүзің бар демей тіліп айтады. Қаталдығым рас, «халтурщик» журналистер мен жағымпаздыққа жаным қас.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан  Ерке ЖӘНІБЕК

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394