Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Саясат 39403 6 пікір 20 Мамыр, 2023 сағат 17:02

«Үлкен жетілік» & Ресей: Қытай кімге «қой!» дейді?

Жапонияның Хиросима қаласында «Үлкен жетілік» елдерінің саммитті өтіп жатыр. Саммит барысында жеті мемлекеттің басшысы бірлесе Қытайға қайрылды.

Олар бірлескен мәлімдемеде Қытайды басқыншылықты тоқтатып, Украина жерінен әскерін тұтастай және шұғыл шығаруы үшін Ресейге қысым көрсетуге шақырды. Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасының «аумақтық тұтастыққа, БҰҰ Жарғысының принциптері мен мақсаттарына негізделген жан-жақты, әділ және ұзақ бейбітшілікті» қолдауға және Киевпен тікелей диалог орнатуы керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, бүгін Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдары ҚХР-ның Бас кеден басқармасының мәліметін жарыса жариялады. Олардың дерегінше, 2023 жылдың алғашқы төрт айында Ресей мұнайының Қытайға импорты 26,5%-ға өскен және осы аралықта барлығы 32,4 млн тонна мұнай мен жанармай жеткізіліпті.

Қытай өзі ең көп жанармай алып отырған елге «сенікі дұрыс емес!» дей ала ма? Әлде Қожанасыр аңызындағыдай «Бәйбіше, сенікі де дұрыс!» дей ме?

 

Abai.kz

 

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1965
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4811
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3976