Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2510 0 пікір 20 Мамыр, 2009 сағат 05:48

Әбіқаевтың мәліметі бойынша, Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтар өз айыптарын мойындап отыр; БАҚ-тар істің сотқа тапсырылғанын хабарлайды

Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтар өз айыптарын мойындап отыр, деп ҚазТАГ агенттігіне ҚР сыртқы істер вице-министрі Нұртай Әбіқаев хабарлады. Ресейлік БАҚ-тар істің сотқа тапсырылғанын хабарлайды.
«...Олардың (Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтардың – ҚазТАГ) мақсаты, ұсталғандардың өздерінің айтуынша, ... жұмыс істеп тұрғаны емес, жұмысқа жарамсыз болған құбырларды ұрлау. Бұл үшін оларды жалдаған адамдар да тұтқындалып, олардың үстінен бізде қылмыстық іс ашылды», - деді Н. Әбіқаев сейсенбі күні үкімет кулуарында.
Сонымен қатар ол, қазақстандық прокуратура мен құқық қорғау өкілдері «екі істі де біріктіріп, айыптларды жазаға тарту туралы барлық шараларды жасап жатқанын» атап өтті. «Мұндай іс болған екен, онда сот аяқталмайынша,оларды (Өзбекстанда ұсталған қазақстандықтарды – ҚазТАГ) жібермейді», - деді ол.
Бұл ретте «Новости-Қазақстан» ақпараттық агенттігі дерек көзіне сілтемелеп, Өзбекстанның тергеу органдары аталған қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтап істі Қарақалпақ Жоғарғы сотына тапсырғанын хабарлады.

Естеріңізге салсақ, ақпанның 26-сында Арал теңізінің батыс жағында өзбекстандық құқық қорғау органы 27 қазақстандық азаматты ұсталған болатын. «Олар өзбекстандық құқық қорғау органдарының болжамы бойынша, мемлекеттік шекараны бұзып, ел ішіне 8 км-ге еніп, Өзбекстан территориясында жинақталып қойған газ құбырларын ұрламақ болған», - деп түсіндірді Қазақстанның Ташкенттегі консулы Бауыр Дәуренбек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524