Оның айтуынша, әкімшілік іске журналист қамауда отырған кезде – 6 және 15 мамырда "Ne deidi" YouTube-арнасында жарияланған видео "негіз болған". Онда журналист “үйде отырмаңдар, өз құқықтарыңды қорғаңдар” деп айтқан.
– Біз сотты офлайн өткізуді талап еттік. Бірақ сот құлақ асқан жоқ. Думанға ешқандай хабар берілмеген. Шақыру бермеген. Қылмыскер сияқты дүкен алдынан көлікке күштеп отырғызып, ұстап алып кеткен. Бұл заңсыз. Сотты осыны да айттық. Бірақ ескерілген жоқ, – деді адвокат.
"Не дейді?" (ND) арнасының авторы Думан Мұхамедкәрімді полиция жексенбі күні Ащыбұлақтағы дүкен алдынан ұстап әкеткен еді. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрім өзін заңсыз ұстауға байланысты аштық жариялаған.
Наурыздағы парламент сайлауынан бері ол осымен үшінші рет 25 тәулікке қамалып отыр. Соңғы рет 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан.