Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2148 0 пікір 3 Маусым, 2023 сағат 13:29

Жаңаөзен қаласында ҚМГ арнайы жұмыс тобы тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр

Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың (ӨМГ) 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды.

ӨМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:
— 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді;
— 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;
— 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады.

Құқық бұзушылық фактілерінің салдарынан келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталады.

«Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің «Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр», — деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364