Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 1 Қыркүйек, 2009 сағат 05:52

ҰҚК төрағасы журналист Есіргеповтің саналы түрде заңды бұзып, сол үшін жауапкершілікке тартылғандығына сенімді

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ – ҰҚК төрағасы генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев «Алма-Ата  Инфо» газетінің сотталған бас редакторы Рамазан Есіргеповтің саналы түрде заңды бұзып, сол үшін жауапкершілікке тартылғанына сенімді. Бұл мәселеге қатысты ол арнайы мәлімдеме жасап, оны сенбі күні ҰҚК-нің баспасөз-қызметі таратты.

«Рамазан Есіргеповке қатысты ұлттық қауіпсіздік комитетіне келіп түскен үндеуге байланысты ҚР ҰҚК төрағасы мынаны мәлімдейді: бір де бір лауазымды адам, оның ішінде ҚР ҰҚК төрағасы, қайсыбір қылмыстық іске араласып, істі тергеп жатқан тергеушілерге нұсқау беріп, әсіресе сот процесінің барысына ықпал ете алмайды»,- деп атап өтілген хабарламада.

«Мен, арнаулы мемлекеттік органның жетекшісі ретінде, өзімнің жеке басымның мүддесі  немесе корпоративтік мүдде үшін тергеуге қандай да бір әдіспен ықпал етуге, араласуға және тергеу әрекеттерін реттеуге барған емеспін»,- деген А.Шабдарбаев.

Р.Есіргеповке қатысты қылмыстық іске келсек, арнаулы қызмет басшысында «оны ерекше бақылауға алуға ешқандай ниеті де, негізі де болмаған». «Бұл адам саналы түрде заңды бұзып, жауапкершілікке тартылды. Оның кінәсінің бар-жоқтығын ҰҚК төрағасы емес, әділсот анықтады. Есіргеповтің тарапынан заң бұзылуына байланысты  тергеу дәлелдер жинады. Сот оны үкім шығару үшін жеткілікті деп тапты. Тергеу прокуратура органдарының қадағалауымен жүргізілді»,- деп атап өтілген мәлімдемеде.

«Жауапкершілікпен мәлімдеймін: прокуратура органдарының тексеруі мен ішкі қызметтік тексеру барысында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлері тарапынан заң мен әділсотты «ауыстырып қою» әрекеті анықталған жоқ. Құпия деректердің жария болуына қатысы бар ҰҚК департаментінің қызметкері Б.Жанұзақов та 9 жылға бас бостандығынан айрылды»,- деп хабарлады ҰҚК басшысы.

Оның пікірінше, «жарияланған құжаттардың құпиялық грифін өзгерту сот қабылдаған шешімге ықпал ете алмайды. Әсіресе, бұл «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес мүмкін емес». «Егер Есіргепов үкімге наразы болса, онда оған шағымданудың тәртібі заңмен белгіленген»,- деп атап өтті А.Шабдарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 8 тамызда Тараз қалалық №2 сотының шешімімен «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Р.Есіргепов жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу тәртібімен үш жылға бас бостандығынан айрылған. Оған, сонымен бірге, екі жылға дейін баспагерлік және журналистік қызметпен айналысуға тиым салынған. Сонымен бірге, бұл істің өзе фигуранттары да түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айрылды. Тараздық кәсіпкер Сұлтан Махмадов ҚР ҚК 172-бабының 1-бөлімімен мүлкін тәркілеп, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу тәртібімен 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы іске қатысты өтіп жатқан С.Махмадов күзетінің басшысы Ерлан Сандыбаев мал-мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айрылды. С.Махмадов кәсіпорнының күзетшісі Вадим Синявский бір жылдық шартты сынақ мезгілімен екі жылға бас бостандығынан айрылды.

Естеріңізге сала кетсек, 6 қаңтарда Р.Есіргеповті ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері тұтқындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша – «мемлекеттік құпиясы бар деректерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын асыра пайдалану» айып тағылды. Бұған себеп болған «Алма-Ата Инфо» газетінің 2008 жылғы 21 қарашадағы санында «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» деген мақаланың басылуы. Онда ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының қызметтік хаты жарияланған. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауы бойынша, бұл хат құпия құжаттардың қатарына жатады. Құқыққорғаушылар бұл істің саяси негізі бар деп есесптейді.

Р.Есіргеповтің ісі бойынша сот тыңдаулары Таразда жабық түрде өтті.

«Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Р.Есіргеповті қорғау жөніндегі штаб үкім шыққан соң ҚР ҰҚК Алматы департаментінің алдында наразылық акциясын өткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371