Ербол Бейілхан. Кейбір бастар Құдайына сыйынбай...
Әжімсіз жүрек...
Құлыпқа салған ескі мұңымды қозғама,
Ол қозғалса бозылдайды боз дала...
Ақынның тілі кестелей алмас сезімді,
Жеткізеді көз ғана.
Көнерген жанмын, өтіп бір кеткен шақтардай,
Қиялым тауда, арманым зеңгір аспандай.
Оқылмайды ойларым ауыр батпандай,
Сарғайып тозған хаттардай.
Сағыныш меңдеп, күрсінеді айналам,
Өлең боп ұшты бұлбұл құсым сайраған.
Шуағын төккен күн күлімдеп сырласып,
Хат жазады Ай маған.
Аспанда емес, жер үсті менің тұрағым,
Тот баспас асыл көнеден қалған мұрамын.
Сағыныш толған, шерлі кеудеден төгілер,
Қобыз сарынды бір әнім!
Дариға-ай, қимас, қаларсың бір күн бұла күн,
Көкдөнен көңіл несіне төмен құладың.
Уақыт салған шимайды беттен көрдің де,
Әжімсіз жүрек жыладың...
Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!
Көктем де өттi, тынысы тылсым қыз демдi,
Жiбек-жаз жылап, көркiнен күдер үзген-дi.
Көк теңбiл аспан қабағын түйiп сұрланып,
Күрең тай мiнiп, күрең шапанды Күз келдi.
Жазира белдер оңып барады тысы көк,
Аппақ айдынның сәнi кiрген-дi құсы кеп.
Әжімсіз жүрек...
Құлыпқа салған ескі мұңымды қозғама,
Ол қозғалса бозылдайды боз дала...
Ақынның тілі кестелей алмас сезімді,
Жеткізеді көз ғана.
Көнерген жанмын, өтіп бір кеткен шақтардай,
Қиялым тауда, арманым зеңгір аспандай.
Оқылмайды ойларым ауыр батпандай,
Сарғайып тозған хаттардай.
Сағыныш меңдеп, күрсінеді айналам,
Өлең боп ұшты бұлбұл құсым сайраған.
Шуағын төккен күн күлімдеп сырласып,
Хат жазады Ай маған.
Аспанда емес, жер үсті менің тұрағым,
Тот баспас асыл көнеден қалған мұрамын.
Сағыныш толған, шерлі кеудеден төгілер,
Қобыз сарынды бір әнім!
Дариға-ай, қимас, қаларсың бір күн бұла күн,
Көкдөнен көңіл несіне төмен құладың.
Уақыт салған шимайды беттен көрдің де,
Әжімсіз жүрек жыладың...
Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!
Көктем де өттi, тынысы тылсым қыз демдi,
Жiбек-жаз жылап, көркiнен күдер үзген-дi.
Көк теңбiл аспан қабағын түйiп сұрланып,
Күрең тай мiнiп, күрең шапанды Күз келдi.
Жазира белдер оңып барады тысы көк,
Аппақ айдынның сәнi кiрген-дi құсы кеп.
Көңiл мен көлдiң көкала үйрегiң үркiттi-ау,
Уақыт қуған, күрең тай шауып кiсiнеп...
Жапырақ - ғұмыр, жалына күздің жармасып,
Емен иiлiп, қалады-ау, өрiм тал жасып.
Жайдары жаздың сезiмiн ұрлап Күз жiгiт,
Мезгiл жүрегi тұрады солай алмасып.
Күрең тай ертең, Ақ боз ат болар бiлерiм,
Ақ боз ат мініп, ақ таңды күтiп жүремiн...
Сағыныш деген - сары шекпенді жамылып,
Қаз қанатында ұшып барады жүрегiм!..
Күзгі қолтаңба
Жабағы өмір, арқан түсіп күзелді,
Ақ жусанға қырау қонып, сыз өрді.
Жыл ұлдары бақталасып қалды да,
Қайтқан құстың қанатында күз өлді.
Күзді көміп... жыл құстарын ұзатып,
Шөпті сүйіп, жерге сіңді бұла шық.
Керуендей қаздар қайтіп барады,
Қанатынан сар сағыныш құлатып.
Уақыт-ай, сарғайтатын гүліңді,
Менің Гүлім, болса екен ғұмырлы.
Тізбектелген тырналардың үнінен ,
Жанымның бір жапырағы үзілді...
Құс келетін сағынамын көктемді,
Өмір-cұрақ, леп, үтір, көп белгі...
Оқыған жан қолтаңбамнан танитын,
Мен өлеңге қоям дара нүктемді.
Құлын жастық
Ермен аңқып, іргесінен хош кірген,
Жотасы жон, асқар тауы көк тілген.
Шаңырақтан жұлдыздармен сырласып,
Ай жастанып, киіз үйде өстім Мен.
Мамық бұлттан жабушы едім көрпемді,
Асу белге тірейтінмін желкемді.
Көкбөрі ұлып, шолпан туа көз ілсем,
Құстар дауысы оятатын ертеңгі.
Рауанды таңмен талас тұрасың,
Бабалардың жалғастырып мұрасын.
Үйір жылқы, шұрқыраған жас құлын,
Қанаттанып, бие бауға қуасың.
Тарихымды оқитынмын тасымнан,
Түндерім-ай, Ай бұтаққа асылған.
Әжелерім өре тола құрт жайып,
Саба-саба сары қымыз сапырған.
Қартқа сақтап қазы-қарта, жаясын,
Ашамайға мінгізетін баласын.
Сол ауылды, ерке өмірді сағынам,
Қозы бағып, қой қосақтап сауатын.
Қайтқан құстың қанатында жыл шұбап,
Құйын-дүние, барасыңба бұрқырап.
Құса болып, там үйлерден оянам,
Құлын жастық, желі бауда шұрқырап...
Күншілдік
Жардың шетін құлатады су іліп,
Көл бетінде қаршыға ойнар қу іліп.
Қазанатты табалайды есектер,
Анда-санда шалыс басса сүрініп.
Шөлге жаумай бара жатыр бұлт өтіп,
Төңірекке түн келеді ұйқы ертіп.
Азаматты көре алмайды жаман дос,
Қалыс басса, миығынан мырс етіп.
Жыртқыштығы қызықтырмас тұйғынның,
Ұзақ жасы кімге керек құзғынның.
Орман толған күншілдердің мекені,
Әсем даусын қызғанады бұлбұлдың.
Кешкі іңір, шәйтан күлер шарқылдап,
Жырларымды тұрады ылғи Ай тыңдап.
Көк патшасы қыран қонса төбеге,
Жердің сұмы қарға күлер қарқылдап.
Құлыншағын көргенім жоқ бұланның,
Аяқтарын көргенім бар жыланның.
Диірмендей дүниеде бақ тайса,
«Құлағында құрбақа ойнар құланның.»
Алшысынан иіргенмен асықты,
Кім тоқтатар зымыраған уақытты.
Жаралған соң табиғаты дара боп,
Биігінде өлген қыран бақытты.
Ауық-ауық...
Ауық-ауық қарап қоям аспанға,
Аспан жұмбақ, шешілмейді астарлы ә?!
Кеше жауған дақ түседі ақ қарға,
Мұң жауады сосын ана бақтарға...
Аппақ әлем, аппақ қала атырап,
Күміс күннен, күміс тиын шашырап...
Қос ұлыма қанталапай ойнатам,
Қар үстінде қойынымнан асық ап.
Салып қойып езуіме малтамды,
Шақшасы жоқ қағып қоям қалтамды?
Жатам бірде сағынышқа шомылып,
Мұңмен егіз, маңыратып марқамды.
Қырау-қырау көрінбейді қыс көзі,
Кейде адамның болады екен үш көзі?!
Ауық-ауық әңгіме айтып отырар,
Бізден кейін жан бола ма тыста өзі?...
Жезкиік. Жыр.
Жезкиігім – желді күнді аңсаған,
Не айта алам: сөзім көне, ой шабан.
Қара түндер мұң жамылып жатамын,
Не сыйлайды, толып, тозар Ай саған?..
Көнек басқа – шүмек тілді жау етіп,
Кейде маған ой келеді сау етіп...
Кейбір бастар Құдайына сыйынбай,
Өреліге сыйынады тәу етіп!..
Құлмын рас! Аллам өзің кеше гөр,
Жаратқаннан ұлық емес не шебер!
Біздікі сол қазақылық баяғы,
Ер жігітке аз дейтұғын «жеті өнер».
Өлең де өнер, өнерсіз жұрт шатылған,
Беу, құрдасым, қара өлең сал қасымнан...
Таң бозында бұлбұл сайрап тұрғандай,
Тыңдайын бір түсіп жатып атымнан.
Қасиетіңнен, айналайын, ескілік,
Ескіліктен табам өзім естілік.
Елдің көбі жыртың-жыртың еткенде,
Бір әдетім қалам ылғи кеш күліп...
Қәдіріңнен айналайын көнелік,
Сенде жатыр биіктік пен өрелік!
Абызындай құлақ салып тыңдайын,
Өлеңіме айтып жібер төрелік!?..
Қайдам, қайдам... еске түсіп қайдағы,
Жезкиігім, жетпей қалған айдағы...
Шыңыраудан тұма ішкен көңілді,
Көлшік суын қызықтырмас сайдағы?!
Бақыттың Гүлі
Сәукеле - сәуірім! Тобылғы торы мұң сыйлаған,
Торғындай сусыған, тоқылдақ - уақыт мазасыз.
Сарғалдақ сағыныш... қызғалдақ ғұмырым қимаған,
Желбегей шапандай жел қуған күндерім бағасыз.
Өлеңді жағалау, жусаны бүрлеген күңгейім,
Сары сірік теріскей, сағым бел кілкіген жоталар.
Ардағым!.. Өлшеусіз сезімді ақылмен күрмеймін,
Сыртым дүр сыр бермес, ішімде боздайды боталар.
Аршаның түсіндей жап-жасыл - Бақыттың Гүлісін,
Жауқазын сезіммен бәйшешек гүлдеді қырдағы...
Ақшулан бұлттар да төгіліліп ән салды күміс үн,
Жүректің емі өзің, «Долана», қол жетпес шыңдағы.
Жүрегің кіршіксіз, мөп-мөлдір қайынның сүтіндей,
Сағындым!.. төзімім қайыспас қарағай қапталы.
Көңіл бұл Жайықтай толқиды, қаламын түсінбей,
Биыл тым әдемі, Сәукеле - сәуірдің ақ таңы!..
Біз екеуміз...
Сен де жалғыз. Мен де жалғыз, Ол-жалғыз!
Мұң аңқытып бүр жарады Ой жалбыз!
Тамыры жоқ тасқа өскен гүл сынды,
Тағдырлы өлең ойсыз басты ойланғыз!
Сен де мұңлы, мен де мұңлы, Мұңдымыз!
Қазы қайтқан сыр шертеді сырлы Күз.
Өмір деген - үлкен қалып шектеулі,
Сол қалыпқа сыймайтұғын жындымыз...
Сен де қырсық, мен де қырсық, Қырсықпыз!
Қайыңдағы тым сезімтал бүршікпіз.
Жүректегі сағыныштың көз жасын,
Күз құлатқан жапырақпен сүртіппіз!
Сен де ойда, мен де ойда, Дарамыз!
Ақ параққа қалам түрткен қалады із.
Жалғыздықтан жалыққан күн ақыры,
Қол ұстасып Айға кетіп қаламыз...
Бiр сабақ Гүл!
Бiр сабақ гүл - Ай бетiнде биiкте,
Сол гүл барда - Ай ажарлы, түн жарық!
Менiң жаным - алтын мүйiз киiкте,
Ал киiгiм, мұң жамылған - бiр ғаріп...
Бiр сабақ гүл - сары түстi - Сағыныш,
Ой-дария... Кеудем-теңiз толқынды.
Құстар үнi, теңiзiмде сабылыс,
Көптiң шуы толтыра ма олқымды?!
Бiр сабақ гүл - алып койған еркiмдi,
Кеш тыңдаған, таусылмайтын ертегiм.
Дауасы жоқ гүлден жұққан дертiмдi,
Қалай жазам, не болады ертеңiм?..
Бiр сабақ гүл - азабым да, мұңым да,
Ай арманға қол созамын жетем деп.
Менiң гүлiм - жүрегiмде, жырымда,
Қалса екен сағыныш боп мекендеп.
Бiр сабақ Гүл!
Хат келді қалқамнан
Бәрін де ұмытқың келді... Жыладың!
Мейірсіз қара түн ұқпайды мұңыңды.
Егілдің... ұяттан кешірім сұрадың,
Сел құйды, аспанның қабағы тілінді...
Періште кейпіңді жоғалтып «кет»,-дедің,
Ой - орман, адасып қалдың ба, омалып.
Кетпек ем, лезде айныдың, өкпелім,
Мен үшін күн шықты, гүл бүрлеп жаңарып.
Махаббат азабы... Қимастық. Қимадық.
Ақыл жоқ, ессіз шақ, тәтті түс, бал шырын.
Қайтадан қосылып сезімді жырладық,
«Күндерден» жасырып қалады таң сырын.
Қоштастық қия алмай... боз торғай ән салды,
Мұңлық күн, жүк артып төнеді арқадан.
Жаны күз, сарғайған... ол қәзір байсалды,
Қарлығаш қанатты хат келді қалқамнан...
Тағы да!
Abai.kz