Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 2379 0 пікір 12 Маусым, 2023 сағат 13:18

Опат болған 14 азамат: Кінәлі министр ме, әкім бе?..

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2023 жылғы 11 маусымдағы №40 өкімімен 2023 жылғы 12 маусым Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысындағы Орман өрті әлі толық аузыдықталған жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекет басшысы жедел штаб отырысында баяндама жасаған Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, Абай облысындағы орман өртіне қатысты қызметіне салғырт қараған шенділерге сөгіс жариялаған болатын.

Президент Тоқаев өз сөзінде: «Министр өрт аймағына бармады. Облыс әкімі орынбасарын жіберді», - деп сөккен.

«Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайлы қарады?! 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді. Өрт бүкіл әлемде болады, бірақ ол жақта тиісті шаралар қабылданады. Министр келмеді, облыс әкімі тым баяу қозғалды, орынбасарларын жіберді. Жұмысқа деген осындай қарым-қатынас бола ма?! Осы жөнінде есеп беріңіз! Нақты сұрақ – неге қате болжам жасалды?» - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аталған шетін оқиға кезінде 14 адам қаза тапты. Олардың есім-сойлары анықталып, БАҚ беттерінде жарияланды.

Қаралы тізім:

Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы. 20.12.1989 ж.

Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы. 17.03.1996 ж.

Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы. 11.12.1964 ж.

Губаев Алексей Григорьевич. 07. 02 1993 ж.

Фоминых Максим Владимирович. 17.08.1998 ж.

Нұржігітов Саят Нұржанұлы. 21.06.1972 ж.

Начинёнов Константин Сергеевич. 12.01.1983 ж.

Сидорин Виктор Александрович. 04.05.1960 ж.

Сидорин Александр Викторович. 11.04.1984 ж.

Пузырев Николай Иванович. 23.11.1968 ж.

Пузырев Сергей Николаевич. 20.10.1992 ж.

Гражданкин Петр Александрович. 15.06.1971 ж.

Дарибаев Александр Викторович. 29.08.1974 ж.

Ганьшин Даниил Евгеньевич. 24.06.1981 ж.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318