Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
2424 2 пікір 14 Маусым, 2023 сағат 13:55

Бас прокуратура: Ильинге елден шығуға шектеу жоқ...

Сурет: Informburo.kz

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен тілшілер Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылғаны қаншалықты рас екенін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Ондай шектеу қойылмады. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады», – деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер бас прокуратура саралағанша, олар Қазақстаннан кетіп қалмай ма? деп сұрақты нақтылады.

«Тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр», –  деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1237
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2762
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 891
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837