Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3530 8 пікір 16 Маусым, 2023 сағат 16:10

Малай елінің мысалы: Аралас мектептен қашан арыламыз?

Біздің сайтта «Ақ жол» фракциясы депутаттарының «Қазақ мектептеріне қиянат жалғаса бере ме?» деген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевқа және Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д.Ахметовке арзу сауалы жария болды

Бірақ, бізді сайлаушы ретінде көптен бері Мәжілісте келе жатқан партияның өкілдерінің «Аралас мектепке» қатысты заң жобасын ұсынбауы қалай деген ой мазалайды.

Жалпы аралас мектеп дегенде көпшіліктің ойында «бірі – орыс, бірі – қазақ тілінде оқитын оқушылардың бір мектепте оқуы» деген шолақ түсінік қалыптасқан. Біз, қазақ тілді сайлаушылар, Малай елінің тұрғындарының 50 пайызын құраған қытай мен үнділердің ана тілінде білім беретін мектептерін жаппай жапқан тәжірибесін қолдануды талап етпейміз. Тек қазіргі қоғамды қаққа жарып, бір отбасындағы балалардың бірі – орыс, бірі – қазақ тілінде білім алып жатқан үрдісті доғаруды Парламентте отырғандар қолға алса екен деген ой.

Біздің сайт «Аралас мектепке» қатысты талай материал жазды. Сонымен жұртты сандалтқан, түрлі пікір айтқызып, қоғамды қаққа жарған, отбасыларды ойран етіп, бала тағдырын тәлкекке айналдырып отырған «Аралас мектеп» деген не пәле!?

Аралас мектеп дегеніміз – қазіргі орыс тілінде білім беріп, шәкірт тәрбиелеп жатқан мектептердің мүмкіндігін ескере отырып, 70, 50 және 30 пайыз пәндердің тек қазақ тілінде оқытатын білім ошағы. Осы көшу арқылы біртұтас ұлтқа айналамыз. Осыны «Ақ жол» фракциясы депутаттары қолға алып, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаевпен тізе қосып еліміздегі орыс тілді этникалық топтарды титулды ұлттың маңына топтастыратын «Аралас мектеп» концепциясын өмірге әкеліп, оны Заңмен бекітсе деген тілегіміз бар.

Ал, қазіргі орыс тілді мектептердегі қазақ тілін оқыту барып тұрған көзбояушылық болса, орыс тілді мектептің жанынан қосанжарласып қазақ сыныптарын ашу ұлтқа жаны ашымаудың айқын белгісі ғана.

Орыс тілді мектептерді аралас мектепке айналдыру сіздердің қолдарыңызда Депутат мырзалар! Қазақ тілді сайлаушыларыңыз сізден осыны тілейді, әйтпесе, мектептегі тіл үшін қантөгіс болған 1969 жылғы Малай еліндегі қақтығыс бізде де орын алуы ытимал емес, әбден мүмкін...

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458