Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3278 10 пікір 23 Маусым, 2023 сағат 13:32

Байыбына барсақ...

Желіде әлі әке-шешесінің атын айта алмайтын үш жасар қыз балаға арабша сүре оқытып, пайғамбарлары атын жататып жатқан бейне шықты...

Үйретушінің қазақ тіліндегі акценті оның Орта Азиялық екенін байқатады... Мұны көріп риза боп жатқандар да баршылық...

Біз қазақ тілі, ділі, ұлттық болмыс дейміз. Түркістанда құрылтайда Президент те осы туралы көп айтты...

Алайда... Желідегі көргендей, мұндай бассыздық жаппай орын ала бастады. Қараңғылық шабуылы үдей түсті...

Баланы шыбықпен сабап оқытады деген қайта келуде өмірге... Осының бәрін белгілі бір топ жасауда.

Олар «мұсылман» деген сөздің артына тығылып алып, білгенін жасауда...

Неге екенін қайдам, қазаққа олар «мұсылмансың ба жоқ па?» деп төте сұрақ қойса, көбі күбіжіктеп қалады...

Ол қазақтың осы сөзді жастайынан құлағына сіңіріп өскеннен болар сірә... Және де, «жоқ» десе, олар «міне, кәпірлігіңді мойындадың» дейді. Қазақ одан да сескеніп, «аш пәледен қаш пәле» деп үндемейді...

Асып бара жатқан мұсылманшылығы жоқ екенін біліп тұрса да!

...Арабшыл діншілдер осыны шебер пайдаланып жатыр. Олар, бір есептен «рассизм» тәсілін «мұсылман-кәпір» деп өзгертіп қана алған....

Сондықтан, қазақ «Мен қазақпын» деп батыл айта алмайтын күйге жетіп қалды...

Жалпы, «мұсылманбысың?» деген сұрақты қоюға ешкімнің қақы жоқ. Мұсылмандық интимді жеке бас мәселесі. Оны жөнсіз жария етуге болмайды.

Мысалы, ол сөзді содырлар мен террористер де қолданады. Сондықтан ешкімге қақ-соғы жоқ азаматтан оның азаматтық құқына килігіп ондай сұрау салу мемлекет заңмен шектеулі керек.

Ол азаматтық құқыны ғана емес, Унитарлы (Ұлттық) мемлекетпіз деген Конституциялық заңды да, сондай-ақ Дін мемлекет ісіне (азаматтық және ұлттық) араласпайды деген заңды да бұзып тұрған сұрақ.

Қазақ оған «мұсылмандық адамның жеке мәселесі, олай сұрауға қақыңыз жоқ. Ал, мен қазақпын (не орыспын), Қазақстан азаматымын. Өзің қай ел азаматысың, қай ұлтсың?» деп жауап беріп, тойтарса дұрыс болады. Онда оған қарсы аргумент болмайды...

Ал, ашумен «Мұсылман емеспін» десеңіз - олар оны «міне, кәпірлер» деп, өз насихатына (уағызына) тез бұрады. Одан әрі санамызды улайды...

Ендеше, ондайларға «Бұлай сұрау заңға қайшы» деп, тиым салу керек...

Дін - ар-ождан мәселесі. Ал адамның ар-ожданын бөтен біреуге тексеруге заңмен тиым салынған.

Зайырлы мемлекетте солай.

Ол елде ар-ожданға қол сұғу заңмен қудаланады!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371