Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 2464 7 пікір 23 Маусым, 2023 сағат 13:50

Соғысты қолдау: Ресей әртістері Қазақстанға ағылуда

Қазіргі рухани-мәдени кеңістігіміздегі аса қатерлі қауіптің бірі – орыс-украин соғысын жақтаған, бірі – оны даттаған Ресей әртістері мен топтарының Қазақстанға ағылуы.

Бұған тосқауыл әр жойылған украиндық танкіге 1 млн. рубль сыйлық тіккен орыс әншісі Григорий Лепске қатысты Қонаев қаласы тұрғындары тарыпынан қойылды. Бірақ, Солтүстік-Шығыста жағдай басқа. Бұл жағыннан Абай облысының бас қаласы Семейде тыс қалған жоқ. Осыған қатысты аймақтың зиялы қауымы бұл үрдісті орыс реваншистерінің Орталық Азия елдерінің ірі қалаларындағы мәдени экспаниясы деп танып отыр. Өйткені, Семей – Шығыстағы Павлодар мен Өскеменге қарағанда қазақи қала. Ал, онда Ресейдің өнер жұлдыздарының асыр салуы – қатерлі үрдіс.

Біз сөзге тартқан жас ақын зерттеуші Ерік Омарғали: «Бізге келіп, концерт қоймақшы болғандар Украинамен соғысты жақтай ма, жақтамай ма бұл басты шарт емес. Олардың барлығы да әлі күнге дейін бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай Ресейдің 2022 жылдың 24 ақпанға дейінгі аралықтағы Гүржістан мен Украинаның әлем таныған аумағын жаулап алушылығын мүлдем дұрыс, ал, Солтүстік Қазақстанды орыс жері деп таниды».

Иә, осы 24 ақпанға дейінгі жаулап алушылықты қолдаушы әртістері мен топтарды орыс барлауы өз тарапынан әдейлеп, көз қылып «бірі – орыс-украин соғысын жақтаған, бірі – оны даттағандар» деп, ОА тұрғындарының санасын жаулаудың жаңа тәсілі орын алды. Тіпті шетел асты дейтіндердің де бір гәбі бар.

Семей  әкімшілігі Ресейлік «БИ-2» тобының концертіне рұқсат берді, одан түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалады деген хабар тараған болатын. Енді қала әкімшілігінің өртке байланысты оны болмайды деуінің астарында көп нәрсе жатыр ма деген ойға қалдық...

Қоғам белсендісі Мұрат Рақымжан: «Семей қалалық әкімдігі Ресейлік «Би-2» рок тобының концертін облыстағы қайғылы оқиғаға орай кейінге шегерді дегенді естіп, «Бәрекелді!» деп отыр едік. Бекер болды.

Орыс барлауының соғысты жасырын қаржыландыру үшін жаңа әдіске көшуінен іргесін аулақ сала білген қала әкімшілігі әуелі өзге шекаралық аймақтардағы облыстарға үлгі болма деп едік. Амал не, зиялы қауым мен қала қауымының жігерін құм етіп, концертке   рұқсат бергені Абай облысы жұртшылығын қынжылтып отыр. Өйткені, 80 пайыздай қазақ тұратын облыста бүркемесі мен жықпылы көп «халықтар достығы» деген жалған мифке басшылықтың жаңаша көзқараспен қарағаны бұдан былай жөн сияқты.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371