Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4001 48 пікір 24 Маусым, 2023 сағат 14:57

Пригожиннің бүлігі: Ресейде әскери төңкеріс басталды!

Кеше Ресейлік жеке әскери компания – «Вагнердің» қожайына РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды жерден алып, жерге салған сұхбат берді. Пригожиннің бұл сұхбаты – Ресей-Украина соғысы басталғалы-бергі ең даулы мәлімдеме болды.

Артынша көп ұзамай, Ресей әскерінің Ростов облысындағы «Вагнер» лагеріне зымыранмен соққы жасалғаны айтылды.

Пригожин: «Шойгу Ростовқа арнайы келіп, «Вагнердің» лагерін зымыранмен соққылады. Ол «Вагнердің» көзін жоймақшы. Біз Шойгуден кек аламыз. Біздің Ростовқа баратынымызды біліп, Шоуга қашып кеті. Біздің санымыз 25 мың. Біз аяғына дейін күресеміз», - деп мәлімдеді.

Осыдан соң, Ростов пен Мәскеуден маза қашты. Қос қалада «Қамал» дейтін контр-террорлық операция басталды.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің қос бірдей генералы Суровикин мен Алексеев арты-артынан Пригожинге һәм «Вагнерліктерге» үндеу жасап: «Жігіттер, істі ушықтырмайық! Бізді әдейі арандатып отыр. Әуелгі мақсатымыздан айнымайық», - деген ауанда сөйледі.

Ал «Вагнерлік» командирлер: «Біз Пригожинге адалмыз. Аяғына дейін кек аламыз», - деп мәлімдеді.

Осылайша кеше кеште Ресейдегі соғыс басталғалы-бергі аралықтағы алғашқы әскери төңкеріс акті басталды.

Кеше: Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі: «Пригожиннің мәлімдемесі – Ресей Конституциясына қайшы», - деп мәлімдеме жасады.

Артынша Ресей Бас прокуратурасы Пригожиннің үстінен «әскери бүлік жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ал бүгін таңда «Вагнер» жасағы Ресейдің Ростов қаласын, барлық әскери нысандарды, соның ішінде әуежайды толық өз бақылауына алғанын мәлімдеді.

Осыдан соң, РФ Қорғаныс министрлігі генералдары Пригожинмен келіссөзге барғаны белгілі болды. Алайда келіссөздерден еш нәтиже болған жоқ.

Ресейден қуылған олигарх Михаил Ходорковский Пригожинді қолдайтынын мәлімдеді.

«Қазір біз жұртқа шындықты айтып отырған Пригожинге көмектесу керекпіз. Біздің жауымыз ортақ», - деп мәлімдеді Ходорковский.

Қазіргі уақытта «Вагнер» жасақтары Ресейдің Ростов, Воронеж қалаларын бақылауға алған. БАҚ пен телеграм арналардағы ақпараттарда «Вагнер» жасақтарының Краснодар мен Волгоградты бетке алып бара жатқаны айтылуда.

Бүгін Ресей президенті Путин де арнайы үндеу жасады. Ол өз сөзінде Пригожиннің әрекетін «сатқындық» деп атап, «Ресейді бөлшектеуге әрекет етуде», - деп мәлімдеді.

«Бізді жеңіліс пен капитуляцияға итермелеуде. Бүлік бастап, қару алғандарды қатаң жазалаймыз. Ростовты құрсаудан босатуға тапсырма берілді. Қатаң әрекет етеміз. Ресейді бөлшектеуге жол бермейміз. Пригожин – жеке басының қамын ойлаған сатқын. 19917 жылғы сценарий қайталанбайды», - деді Путин.

Осының ізін ала Пригожин де арнайы мәлімдеме жасап: «Путин қате таңдау жасады. Онысы өзіне зиян! Енді біздің басқа президентіміз болады», - деді.

Abai.kz

48 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364