Жұма, 22 Қараша 2024
1499 0 пікір 27 Маусым, 2023 сағат 12:00

Белгілі қазақстандық ауыр атлет суицид жасады

Қазақстандық спортшы 35 жастағы Владимир Седов қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан ауыр атлетика федерациясы жеткізген.

«Кеше кешкісін тәжірибелі ауыр атлет Владимир Седов дүниеден өтті. 2008 жылғы Олимпиада қатысушысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордсмені Владимир Седов бала кезінен спортқа шын берілген жан еді. Ерекше жетістіктері үшін «Құрмет» орденімен марапатталған. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Владимирдің отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады»,-деп жазады федерация Facebook парақшасында.

Қазір Владимир Седовтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«35 жастағы ауыр атлеттің денесі өзі тұратын мекенжайы Қаратал ауданындағы Достық ауылынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Марқұмның туыстарының берген түсініктемесіне сәйкес, ер азамат өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір осы суицид фактісіне орай қылмыстық іс қозғалды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу фактісі бойынша жүріп жатыр.

Владимир Седов 1988 жылы 2 наурызда Үштөбеде дүниеге келген.

Седовтар әулетінде төрт бала бар. Владимир жастайынан спортпен айналысқан.

Ағасы Сергей Седов жаттықтырушылықпен айналысады, Алматы облысы ауыр атлетика федерациясының жаттықтырушысы болған. Қазір ауыр атлетикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкері.

Владимир Седов Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303