Жұма, 22 Қараша 2024
1464 2 пікір 3 Шілде, 2023 сағат 13:09

Түркіменбасының құрметіне Арқадағ қаласы ашылды

Түркіменстан үкіметі құрылысына 5 млрд доллар жұмсаған Арқадағ қаласы ашылды.

Жаңа қаланы ашу салтанаты экс-президент Гүрбанғұлы Бердімұхамедовтің туған күні өтті. Қала соның құрметіне аталған. Алайда арқадағ атағына ие экс-президент 29 маусымдағы салтанатты шараға қатыспады.

Түркіменстандағы ең алғашқы "ақылды қаланы" ашу салтанатына президент Сердар Бердімұхамедов келді. Жергілікті баспасөз көптеген шетел қонағы қатысқанын хабарлады, алайда олардың кімдер екені айтылмады.

Ресми БАҚ салтанатты шараға Гүрбанғұлы Бердімұхамедовтің қатысқан-қатыспағаны туралы ештеңе жазбады. Олар жариялаған суреттерде бұрынғы президент көрінбейді.

Бұның алдында мемлекеттік баспасөз 66 жасқа толған Бердімұхамедов 29 маусымда Сауд Арабиясында болатынын жазған. Әдетте экс-президент мұндай маңызды шараларды жібермейді. Ол қала құрылысы қалай жүріп жатқанын бірнеше мәрте көрген.

Жаңа қаланы салу екі кезеңде жүзеге асады. Қазір оның бірінші кезеңі ғана аяқталды. Арқадағта 336 мәдени-тұрмыстық және басқа да нысандар бой көтерді.

"Ақылды қалада" саудаға шығарылған үйлермен танысқан тұрғындар пәтерлерде кінәрат көп екенін айтып отыр.

29 маусымда Арқадағ газеті мен телеарнасы ашылды. Екі ай бұрын "Арқадағ" футбол клубы құрылған.

Түркіменстан әлемдегі ең жабық авторитарлық елдердің бірі. Мемлекет бірнеше жылдан бері ауыр экономикалық дағдарыстан шыға алмай отырғанына қарамастан, билік миллиардтаған долларды экс-президент құрметіне аталған жаңа қала құрылысына жұмсаған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320