Сенбі, 23 Қараша 2024
1649 0 пікір 5 Шілде, 2023 сағат 13:50

Еліміздегі екінші деңгейлі 9 банк жұмысын тоқтатуы мүмкін

Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейлі 9 банк жабылуы ықтимал. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған Реттеу саясатының консультативтік құжат-жобасында жазылған.

«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның тоғызын жабу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Былтыр агенттік екінші деңгейлі банктің басшы лауазымына тағайындалмақ болған 13 үміткердің кандидатурасын келісуден бас тартты.

Ал бағалы қағаздар нарығында 49 субъект жұмыс істейді. 2022 жылы агенттік осындай ұйымдардың басшысы лауазымына ұсынылған 10 кандидатты келісуден бас тартты», - деп көрсетілген Ашық НҚА порталында жарияланған Реттеу саясатының консультативтік құжатында.

Сонымен бірге, былтыр қазақстандықтар тарапынан банк және микроқаржы секторындағы ұйымдарының жұмысына қатысты 35 мыңнан аса өтініш түскен.

Бұған қоса, аталған консультативтік құжатта елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қаржы қызметтеріне қолжетімділік деңгейі төмен екені жазылған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371