Сенбі, 23 Қараша 2024
1636 2 пікір 5 Шілде, 2023 сағат 13:55

Тұрлыхановтың әскерден қашқан ұлы қамауға алынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың әскердегі ұлы әскери бөлім бастығының бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әскери бөлім бастығының белгіленген тәртіппен берілген бұйрығын орындаудан ашық бас тарту – әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қатардағы жауынгер Нұрасыл Болатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 2 шілдеде әскери бөлімнің қатардағы жауынгері Н.Болат Алматы гарнизоны гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне баруға міндетті болған. Алайда ол оған бөлімше командирінің лейтенант А. берген бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартып, Әскери полиция басқармасының ғимаратына келген автокөлікпен белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Сот Б.-ны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 652-бабы 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Ол 15 тәулікке қамауға алынды», - деп хабарлады соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2 шілде күні Дәулет Тұрлыхановтың Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген ұлы Нұрасыл Болат әскери нысаннан қашып кеткен болатын. Кейін ол табылып, қызмет атқаратын орнына жеткізілді.

Нұрасыл Болат Алматы қаласында заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Черновты соққыға жықты деп айыпталуда.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған деректі ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.

Кейін спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының бұзақылық әрекетіне байланысты түсінік берген еді.  4 шілде күні мәжілісмен ұлының айналасындағы жағдайға қатысты әлеуметтік желідегі жеке парақшасында пост жариялады.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364