Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 3039 9 пікір 6 Шілде, 2023 сағат 16:55

Астананы кімдер басқарды?..

Бүгін елімізде Астана күні аталып өтіледі. Елорда басшылығы гу-гу думанды кешеден бастап кетті. «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер» деген атаумен бауырлас қалалалардың мерейтой – форумын өткізуде. Ол үшін бюджеттен 350 млн теңге бөлген. Алыс-жақын шетелдерден 17 қаласының басшысы шақырылған.

Назарбаевқа алғыс...

«Ал осыдан 25 жыл бұрын 6 мамырда Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Елорданың жылнамасы Тәуелсіз Қазақстанның шежіресімен тығыз астасып жатыр. Шын мәнінде, астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды. Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек. Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек. Бұл – еліміздің болашағына тікелей қатысы бар мәселе», - деді президент Тоқаев.

Тақырыпқа тұздық ретінде біз Астананы осыған дейін кімдер басқарды деген сұрақ төңірегінде шолу жасағанды жөн санадық.

Астананы кімдер басқарды?

4d8e7eb4a4212241fd0cfe7ddf47712a.png

Аманжол Бөлекбаев

Тәуелсіздікті 1991 жылы алдық деп, есеп қылсақ, қазіргі Астананың, бұрынғы Ақмоланың алғашқы басшысы Бөлекбаев Аманжол Қуанышұлы деген адам болған.  1987 жылы қалалық атқару комитетінің төрағасы болған Бөлекбаев қаланы 1997 жылға дейін тізгіндеген. 1987-1992 жылдары қалалық атқару комитетінің төрағасы болса, 1992-1997 жылдары Ақмола қаласының басшысы болған.

Бөлекбаев 2013 жылы 72 жасына қараған шағында дүние салған. ҚР Парламенті Сенатында II, III, IV және V шақырылымдарында (1999-2013 жылдар аралығында) депутат болған.

1688551927200414.jpg

Әділбек Жақсыбеков

1997 жылдың желтоқсанында Ақмола атауы ресми түрде Астана болып өзгерді. Сөйтіп, атауы өзгерген Астананы Әділбек Жақсыбеков тізгіндеді (1997-2003 жылдар аралығында).

1995 жылдан бастап биліктің биік мінберлерінен түспей келген Жақсыбеков туралы жеке жазар болсақ, бір мақаланың ауқымына сыймасы анық. Сенатта да депутат болды. Бірнеше министрліктің креслосын ауыстырды. Президент Әкімшілігін де басқарды. Ресейде Елші де болды. Қазір «Қазтрансгаздың» директорлар кеңсесін басқарады.

Жақсыбеков Астананы екі кезек басқарған жалғыз әкім. Жақсыбековтен кейін Астанада 4 әкім ауысты. Сөйтіп, 2014-2016 жылдары Әділбек Рыскелдіұлы Астанаға қайта әкім болып тағайындалды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серіктерінің бірі болған адам. Ал президент Тоқаев командасында саяси мансап бұйырған жоқ. Есесіне, қалтасы қалың Жақсыбековтің бизнесі дөңгелеп тұр.

1688551889214624.jpg

Темірхан Досмұхамбетов

Астананы 1 жыл ғана басқарған екі адам болса, соның бірі осы – Темірхан Досмұхамбетов еді (2003-2004 жылдар аралығы).

Темірхан Мыңайдарұлы да билікке тосыннан келген адам емес. ерте бастан билікке араласты. Бірнеше министрлікті тізгіндеді. Мәжілісте депутат болды. Президенттің іс басқармасын басқарды. Ұлттық олимпиада комитететін тізгіндеді. Сөйтіп жүріп кәсіппен айналысты. Агро бизнестің ірі өкілі болды. 2021 жылы 72 жасына қараған шағында дүние салды.

2020_05_26_114228.jpg

Өмірзақ Шөкеев

Онан кейін кезек Өмірзақ Шөкеевке келді. Ол Астананы 2004-20026 жылдар аралығында басқарды. Алпысты алқымдап қалған Өмкең де биліктің барлық сатысынан өткен адам. 3 облыс, 1 қалаға басшылық жасады. Бірнеше кезек вице-премьер болды. 2 министрлікті тізгіндеді. Кейін «Самрұқ-Қазына» деген аса майлы жілікті асады.

1688552006975445.jpg

Асқар Мамин

Әрі қарай Астана тізгіні Асқар Маминнің қолына өтті. 2006-2008 жылдар аралығы еді. Қазақстан саясатындағы сынды ең көп естіген адамдардың бірі осы Мамин болды. Астананы басқарды. Қолынан іс келмеді. 2 жыл дегенде қызметтен алынды. «Қазақстан Темір жолын» тізгіндеді. Арты у-шу болып, ол жақтан да кетті. Онан соң Үкіметті тізгіндеді. Онда да қолынан іс келмеді. 2022 жылы «қасіретті қаңтар» көтерілісінен кейін қызметтен қуылды.

1688552038279438.jpg

Иманғали Тасмағамбетов

Астананың тізгіні 2008 жылы Иманғали Тасмағамбетовтің қолына өтті. Ол қаланы 2014 жылға дейін басқарды. Имекең қазір 66-да. ҰҚШҰ-ын (ОДКБ) басқарады. Тасмағамбетов те көнекөз саясаткерлердің бірі. Алматы мен Астананы, Атырау облысын басқарған Үкіметті тізгіндеді. Қорғаныс министрлігін, Мемлекеттік хатшылықты, Президент Әкімшілігін де басқарып көрді. Ресейде Елші де болып қайтты. Тасмағамбетовтің карьерасына қатысты ел пікірі де екіұшты. Әсіресе, оның соңғы тағайындалуы һәм ондағы бірқатар мәлімдемесі қазақ қоғамының наразылығын тудыруда.

2014-2016 жылдары жоғарыда айтқанымыздай, Астана тізгіні қайтадан Әділбек Жақсыбековтің қолына өтті.

691092_1471613133.jpg

Әсет Исекешев

Әсет Исекешев Астананы 2016-2018 жылдар аралығында басқарды. Ол қазір Президенттің көмекшісі. 51 жастағы Исекешев үш бірдей министрліктің креслосына отырып көрді. Президент Әкімшілігін басқарды. Қазір Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы һәм Президенттің көмекшісі.

200204103032548e.jpg

Бақыт Сұлтанов

Бақыт Сұлтанов Астананы ең қысқа уақыт басқарған екі әкімнің бірі. Ол бас қаланы 2018-2019 жылдары аралығында басқарды. Биліктің биік мінберлерінен түспей жүрген Сұлтановтың сөзден һәм істен сүрінген кездері аз емес. сөйте жүріп бірнеше министрлікті басқарды. Президенттің көмекшісі болды.

1688552121134729.jpg

Алтай Көлгінов

Онан соң Астананы ұш жыл Алтай Көлгінов басқарды (2019-2022 жылдар аралығы). Батыс Қазақстан облысында, Оралда әкім болған Көлгінов қазір қызметсіздер қатарында. Осыған дейін Үкімет басшысының орынбасары болған.

1511243853_article_b.jpeg

Жеңіс Қасымбек

Астананың қазіргі әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек. 48 жастағы ол бас қаланы 2022 жылы тізгіндеген. Экс-президенттің канцеляриін ұзақ жылдар басқарған Махмұд Қасымбектің баласының да карьерасы жылдам өскен. Қарағанды облысында әкім болды. Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарып көрді. 2 министрлікке басшылық жасады.

Сөйтіп, Қазақстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері бас қаланы 10 адам басқарған екен. Олардың екеуі дүние салған. Қалған сегіздің кейбірі қызметте. Енді кейбірі қызметсіздер қатарында. Сізше осы аталған азаматтардың қайсысы Астананың дамуына үлес қоса алды?

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364