Сенбі, 23 Қараша 2024
2035 2 пікір 6 Шілде, 2023 сағат 17:06

Қазақстан БАӘ-ден "Оператор РОП" өкілін сұрады

Сурет: Әлеуметтік желіден

Антикоррупциялық қызмет Біріккен араб әмірлігінен "Оператор РОП" компаниясының құрылтайшысы Шынар Мұқтарованың ұсталғанын хабарлады. 

Оған осыған дейін ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған.

"Ол Дубайда Интерполдың көмегімен ұсталған. Қазір бас прокуратура оны экстрадициялау үшін шаралар жүргізіп жатыр", - деді антикоррупциялық қызмет.

Мұқтароваға утиль алым бойынша 920 млн теңге жымқырды деген айып тағылған.

Осы аптада бұл іске қатысты экология министрінің орынбасары болған Ахметжан Пірімқұлов жеті жылға сотталып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынды. Сот шешіміне сәйкес, ол мемлекетке 26,8 млрд теңге шығын келтірген.

Осы іске қатысты "Оператор РОП"-тың бұрынғы басқарма басшысы Медет Құмарғалиев пен бұрынғы бас директоры Светлана Коротенкоға да сот үкімі шыққан.

"Оператор РОП" 2015 жылы құрылған және ескі көліктер үшін утиль алым алып отырған. Бұл компанияны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызымен байланыстырады. Сот отырысы кезінде Әлия Назарбаевадан сұрау алу ұсынылды. Бірақ судья бас тартқан.

Соңғы жылдары "Оператор РОП" жеке компаниясы утиль алымды негізсіз алып отыр деген айыптар айтылды. Ресми мәлімет бойынша 2020 жылдан бері үш жыл ішінде "Оператор РОП" есеп-шотына 220 млрд теңге түскен.

2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасымен "Оператор РОП" қызметіне тыйым салынып, оның активтері мемлекет қарамағына өтті. Утиль алым жұмысы 2013 жылы құрылған, 100 пайыз акционері мемлекеттік деп көрсетілген "Жасыл даму" компаниясына берілді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369