«Қазақстанды Ресейге берейік» - қылмыстық іс қозғалды
Қазақстанды Ресейге қосуды ұсынған Ұлытау облысы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Ұлытау ҰҚКД азамат Сысоевтің үстінен 180-бап бойынша қылмыстық іс қозғады (Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды насихаттау немесе жария түрде шақыру)»,-деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Өзін Александр Сергеевич деп таныстырған Жезқазған тұрғыны «Қазақстанды Ресейге бере салу керек» деп сөйлеген.
Ұлытау облысының полициясы даулы пікірдің иесіне түсіндіру жұмысын жүргізген. Кейін оның үстінен қылмыстың іс ашылғаны белгілі болды.
Abai.kz