Биыл шайдың бағасы 14 пайызға қымбаттаған
Биыл қаңтар-мамыр аралығында елімізде 8,7 мың тонна шай мен кофе өнідірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,2%-ға көп, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Қазақстан бойынша шай мен кофе өндірісінің жартысынан көбі Алматы қаласына тиесілі. Мұнда 4,7 мың тонна шай мен кофе өнімі дайындалған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,6%-ға артық. Сонымен қатар, аталған тауар Шымкент қаласы (2,2 мың тонна) мен Алматы облысында (1,5 мың тонна) да аз өндірілген жоқ.
Тек маусым айының өзінде кофе 1,2%-ға қымбаттаса, шайдың бағасы 0,2%-ға өскен. Жалпы бір жыл ішінде кофенің құны - 20%, шай 14%-ға жоғарылаған.
Бұл ретте, кофе бағасы Түркістан облысында (өсім 40,5%) айтарлықтай қымбаттаған. Бұған қоса, Ақмола (өсім 38,5%) мен Маңғыстау облыстарында (өсім 36,1%) кофе құны көтерілген.
Ал, шай Қызылорда облысында 28,7%-ға өсті. Одан кейінгі орында Шымкент (өсім 27,2%) қаласы және Абай облысы (өсім 21,4%) тұр.
Abai.kz