Сенбі, 23 Қараша 2024
1666 3 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 12:32

Белгілі боксшы елорда тұрғынын ұрып-соқты

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтің сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен төбелескенін растады.

«Иә, растаймыз. Қазір айналысып жатырмыз. Бұзақылық бойынша іс қозғалды», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, аталған факті бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Заң бұзушылық аса ауыр емес деп бағаланып отыр. Сонымен қатар тергеу барысы Бейбіт Шүменовтің бұрынғы кәсіби спортшы екендігі жағдайды ауырлататын мән-жай болуы мүмкін бе екендігін айқындайтын болады.

«Қызметтік тексеру жүруде. Ол қатаң жазаға тартылады. Күні кеше министр мәселені көтерді, ол жазаланады», - деді Қайрат Сүнтаев.

Министр орынбасарының айтуынша, төбелес барысында бала зардап шекпеген. Дегенмен, зардап шеккен азамат бұрынғы әлем чемпионын қылмыстық жазаға тартуын талап етіп отыр.

Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған еді. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395