Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1524 1 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 11:41

Жұмысы жүрмейтін мұнай зауыттарына бес жылда 2 трлн теңгеге жуық ақша бөлінген

Мемлекет жұмысы жиі тоқтап қала беретін Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) мен Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ)  бес жыл ішінде 2 трлн теңгеге жуық қаржы құйған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (АЗРК) ұсынған жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы есепте айтылған.

"Мұнай өңдеу зауыттарын мемлекетін басқарудың сапасыздығы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының санымен сипатталады. Ақпан айында Атырау МӨЗ каталитикалық крекингті тоқтатты. Осы айда Павлодар МӨЗ сутегі өндірісінің қондырғысындағы ақауға байланысты дизель отынын шығаруды да апатты түрде тоқтатты. Бұл ретте, Атырау және Павлодар МӨЗ жаңғыртуға салынған қаражаттың жалпы сомасы бес жыл ішінде 1,9 трлн теңгені құрады. Соңғы үш жылда аталған мемлекеттік МӨЗ жұмысы жоспардан тыс  106 мәрте тоқтады, ал шетелдік инвестормен  (50,2%) бірлесе басқарылатын Шымкент МӨЗ жұмысы жоспардан тыс 21 рет тоқтады, бұл активті неғұрлым тиімді басқаруды көрсетеді. Өз кезегінде, МӨЗ-ге мемлекеттік қатысу апаттарды жоюды қиындатады, өйткені қолданыстағы заңнамаға сәйкес жабдықтарды сатып алу шарттарын жүргізу және сақтау қажет", - делінген есепте.

Еске салайық, 3 шілде күні МАЭК-те №1 энергетикалық блоктың жұмысы апатты жағдайда тоқтап қалған болатын. Апат салдарынан "Атырау мұнай өңдеу зауытының" жұмысы да тоқтады. Қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір