Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Сарыағаштағы сұмдық: 2503 9 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 13:50

Педофилия - қазақ қоғамы үшін зор әлеуметтік қатер!

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Түркістан облысындағы Арыс ауданында ер адам бес жасар қызды зорлады деген ақпарат тараған еді. Бұл оқиға қазақ қоғамында қызу талқы болуда. Жантүршігерлік қатысты Президент Тоқаев та реакция білдіріп, пікір айтты.

Енді міне, оның ізі суымай, араға екі ай салып, тағы да осы аймақта 5 жасар қыз қорғансыздың күйін кешіп отыр. Президент Тоқаев Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиғаға пікір білдірді.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Бұл қазақ қоғамы үшін зор әлеуметтік қатер. Және осындай жәбір көрген жайттардың ел құлағына шалынбағаны қанша?..

«Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді.

Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.

Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.

Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз»,- деп жаздыАқорданың баспасөз қызметі.

Бұған енді бей жай қарауға болмайды. Бұл арада басын ашып көрсететін мәселе: «Педофилия» – жалпы ұғым. Оның «гебефилия» дегені – кәмілетке толмаған 12 жасқа дейінгі балаларға көңіл ауушылық болса, «эфебофилия» – 12-14 жастағыларға зауқы соғушылық деп ғылыми әдебиеттерде атап көрсетіледі.

Бұл әлемдік адами азғындық дерті дамыған елдерде 90 жылдардың соңында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция тағы басқа Еуропа елдерінде өзіне назар аударып, қалай күресу керектігі мықтап қолға алына бастады.

1996 жылы көршісі 33 жастағы Джесси Тиммендекас зорлаған 7 жасар Меган Канка оқиғасынан кейін АҚШ-тың барлық штаттарында бірінен кейін бірі «Меган Заңы» қабылданды. Бұл заң бойынша зорлықшы мекен-жайын көрсетіп отыруы керек. Ол туралы мәлімет ашық таратылуға тиіс.

Одан кейінгі екінші әрекет химиялық әтектеу (химической кастрации) Еуропа елдерінде педофилдерге қатысты қолданылып келеді. Үшінші түрі Индонезияда зор көлемдегі алтынмен бағаланған құн төлеу заңы. Ең соңғысы Қытайда өлім жазасына кесу. Осы оқиғадан кейін Президент тапсырмасын алған Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі әлемдік іс-тәжірибеге сүйене отырып, осы кесепатты жайттың алдын алуға батыл қадам жасайды деген ойдамыз.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1553
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217