Ресей 63 түрмеде украиналықтарды ұстап отыр
Мыңдаған украин Ресейдің бар аумағында және оккупацияланған жерлерде ресми және ресми емес түрмелерде отыр. Онда оларды азаптап, психологиялық қысым көрсетіп және құлдыққа тартып жатыр деп жазады Associated Press.
Басылым редакциясына түскен Ресей үкіметінің ресми құжатына сілтеме жасап, онда ондаған түрме салыну жоспары барын жариялайды. Түрмедегілерге қатаң қысым көрсету арқылы Женева конвенциясын бұзып отыр дейді.
Агенттік тілшілері тұтқында болған украин сарбаздарымен, олардың отбасымен, украин барлау қызметінің қызметкерлерімен сөйлесіп, спутник арқылы түсірілген суреттерге анализ жасап, әлеуметтік желілердегі жазбаларды зерттеген.
AP оккупацияланған аймақтарда украин тілінде сөйлегені үшін қамауға алғанын, енді бірін террористер ретінде ұстағанын жазған. Куәгерлердің көбі ондағы азаптаулар жайында, тіптен зомбылықтан өліп кеткендер жайында айтқан.
Киев Ресей түрмелерінде кемінде он мың украин азаматы бар деп есептейді.
Агенттіктің зертеуі бойынша, қазір оккупацияланған аймақтарды Ресейдің 63 (БҰҰ мәліметінше – 125) түрмесі бар. Онда украин азаматтарын ұстап отыр.
Тұтқындарды алмасу процесінде 400 украин азаматы еліне оралған.
Abai.kz