Сенбі, 23 Қараша 2024
2005 3 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 15:07

Алматы облысындағы 8 ауылдың аты ауысады

Алматы облысына қарасты 10-ға жуық ауылдық округтің атауын өзгерту жоспарланып отыр. 

Ашық талқыға шығарылған әкім қаулысы мен өңірлік маслихаттың бірлескен шешіміне сай, Алматы облысындағы мына ауылдардың атауы өзгереді:

Іле ауданы бойынша:

- Энергетический ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округі;

- КазЦИК ауылдық округі - Асқар Тоқпанов ауылдық округі.

- Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылы;

- Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы - Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;

- Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы - Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;

- КазЦИК ауылдық округінің Комсомол ауылы - Жайнақ ауылы болып өзгереді.

Талғар ауданы бойынша:

- Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы - Жібек жолы ауылы болып аталады.

Кеген ауданы бойынша:

- Жалаңаш ауылдық округі Жалаңаш ауылын Жалағаш ауылына.

«Осы Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымға жүктелсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта.

Шешім 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473