Сенбі, 23 Қараша 2024
1409 0 пікір 14 Шілде, 2023 сағат 15:15

ТЖМ вице-министрі Күлдіков қызметінен кетті

Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.

Марат Күлдіков 1967 жылы Семей облысында туған. 1994 жылы ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін «өрттен қорғану техникасы және оны ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2000 жылы ҚР ТЖК Көкшетау техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Семей қаласын күзету жөніндегі ІІБ №79 әскерилендірілген өрт сөндіру бөліміне бағынысты өрт сөндіруші болып бастады. 1993-2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында орта және аға басшы құрамының түрлі лауазымдарын атқарды. 2008-2012 ж.ж. — Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары – Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы.

2012-2014 ж.ж. — Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2014-2016 ж.ж. — Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы. 2016-2019 ж.ж. — ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылдан Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 10 қазанда Үкімет қаулысымен Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі вице-министр Марат Күлдіковтің қызметтен босату жөнінде өтініш бергенін растаған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458