Сенбі, 23 Қараша 2024
1621 0 пікір 15 Шілде, 2023 сағат 14:48

Жауапты мекеме Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығы "қанағаттанарлық" дейді

Жетісу облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулығына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Талдықорған қаласының тергеу изоляторында жатқан, тергеу-қамауға алынған Думан Мұхамедкәрім мерзімді емхана дәрігерлерінің тексеруінен өтті, оның нәтижелері бойынша денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды.

Бұдан басқа, медициналық персонал тергеудегі адамның денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізеді”, – деп жазды құзырлы органнан.

Ведомство көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін де еске салады.

Бұған дейін журналистің денсаулық жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487