Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1271 0 пікір 17 Шілде, 2023 сағат 12:49

Пирамида: «Отбасы капиталы» 450 млн теңгені жоқ қылған

«Семейный капитал» қаржы пирамидасын құрып, оны басқарған азаматтың заңсыз әрекетін Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол тұрғын үй сатып алу бойынша жалған бағдарлама жасап, клиенттермен келісімшарт жасасқан.

Оның шарты бойынша 300 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі инвестиция, 30-дан 60 пайызға дейін артық төлеммен тұрғын үй алудың күту мерзімі 6 айдан 10 айға дейін көрсетілген.

Соның салдарынан азаматтар уәде еткен пәтерін алмаған, салған қаржысы қайтарылмаған.

Осылайша, аталған азамат жалпы сомасы 450 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген.

Ол қамауға алынып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және күмәнді қаржы институттарына ақша салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің туыстарыңыз жосықсыз кәсіпкерлердің осындай әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТД немесе мына телефондарға хабарласыңыз: 1458, 8 (7172) 70 84 79 (ішкі 21384).

Abai.kz

0 пікір