Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2327 4 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 11:49

Жапаровтың әзілі: Жемқор қазақ пен жемқор қырғыз...

Қырғыз президенті Садыр Жапаров елішілік сапарларының бірінде, жұртшылықпен кездесуде жол салудағы жемқорлық дейтін мәселеге ерекше тоқталыпты. Сөзіне тұздық ретінде Мәскеуде жол құрылысы оқуын тәмамадаған қазақ пен қырғыздың қалай байып кеткенін баяндайтын анекдот айтып беріпті.

Қырғыз президенті Жапаровтың қазақ пен қырғыз туралы анекдоты:

«Бір қазақ пен бір қырғыз бірге студент, дос болыпты. Мәскеуде, жол жасауды институтта бірге оқып, дипломдарын қолтықтап, елдеріне оралыпты. Бірі Алматыға, екіншісі Бішкекке...

Арада бір жыл өтер-өтпей жатып, қазақ өзінің қырғыз досын қонаққа шақырыпты. Шәй беріп қояйын деп... Қырғыз келсе, әлгі қазақтың жағдайы келіскен. Астында – 600-дік мерседес, басында - екі қабатты үй, алдында - ақ та төк ас... Содан қырғыз: «Әй досым, екеуміз оқу бітіргелі бір-ақ жыл. Мұнша дүниеге қалай жеттің? Маған да құпиясын айтсаңшы»,- деп сұрамай ма?! Сөйтсе қазақ қырғыз досын ертіп, қаланың шет жағына апарып: «Мына жолды көрдің бе, соны мен салдым. Енінен 5 см, қалыңдығынан 1 см жейсің. Сонда менікіндей дүние болады»,- депті.

Қырғыз басын шайқап, еліне оралып, арада тағы 3 ай өткен өткенде қазақты қонаққа шақырыпты. Жауап шәй беріп қояйын депті. Қазақ барса, қырғыздың дәулеті тіпті келісіп, екі бүйірі толысып, жағдайы патшаға пар екен. Қазақтан екі есе байып алған.  «Ой, пәлі, мұнша ас та төк дәулетті қалай жинадың?»,- десе, қырғыз: «Анау жерді көрдің бе? Сонда жол болуы керек еді, мен мүлде салмай қойдым», - депті...

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452