Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2699 3 пікір 20 Шілде, 2023 сағат 15:10

Әкім Әйтенов отставкаға кете ме?

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «жемқорлық жасады» деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі жариялады.

«2023 жылғы 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Прокуратураның үйлестіруімен жемқорлық жасады деген күдікпен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховты ұстады.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген ресми ақпаратта.

Исаховтың ұсталғаны туралы ақпарат бүгін таңертең телеграм-арналарда пайда болған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орынбасарының ұсталғаны жөнінде қандай да бір пікір айтпаған.

Исахов бұған дейін Алматы, Астана, ОҚО-да бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. ШҚО-да облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің инспекторы болған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2020 жылдың ақпанында тағайындалған.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылдың қарашасында қабылданған № 416-V Заңы бар. Соның 60-ші бабы: «Мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкаға шығуы және қызметтен шығарылуы» деп аталады.

Аталған баптың 3.1 тармағы, 5-ші тармақшасында: «Өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, әкім отставкаға өтініш береді», - деп тайға таңба басқандай жазылған.

Жоғарыда «жемқорлық жасады» деген күдікпен ұсталған Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің орынбасары. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң талаптарына салатын болсақ, Исаховтың қылмысы дәлелденген жағдайда Шымкент әкімі Әйтенов өз еркімен отставкаға кетуі немесе оны Ақорда қызметтен алуы керек. Алайда, Қазақстан практиасында орынбасары пара алып, қылмысы дәленденсе де, қызметен алынбаған әкімдер болған. Сіз қалай ойлайсыз, әкім Әйтенов қызметтен кете ме?

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394