Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке қатысты «Бұзақылық» бабымен тергеу жүріп жатыр.
«Осы жылдың 18 маусымында «Mega Silkway» сауда, ойын-сауық орталығында орын алған оқиға бойынша Астана қалалалық Полиция департаменті Бейбіт Шуменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес, аталған азаматқа ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды», - деп атап өтті Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін әлеуметтік желіде және бірқатар БАҚ-та Астанадағы ірі сауда, ойын-сауық орталықтарының біріндегі фут-кортта жанжал болғанын жазған едік. Кейінірек қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген азаматтың кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев бокстан бұрынғы әлем чемпионы Б.Шүменовтің сауда орталығында ер адаммен төбелескенін растады.
Іле-шала Бейбіт Шүменов те әлеуметтік желіде тараған видеодағы жанжалдың мән-жайын түсіндірмек болды.
Боксшының кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
22 шілдеде астаналық полиция спортшыны іздеуге жариялады.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz