Сенбі, 23 Қараша 2024
1625 0 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 13:20

Шымкент әкімінің орынбасары Исахов екі айға қамалды

Осы аптада "жемқорлық күдігімен" ұсталған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамалды. Бұл ақпаратты ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

"21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховқа бұлтартпас шара ретінде екі айға қамау шарасын тағайындады" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Мақсұт Исаховты 20 шілдеде ҰҚҚ прокуратураның араласуымен ұстаған. ҰҚК өзге ақпарат жарияламаған, тергеу құпиясына сілтеген.

49 жастағы Мақсұт Исахов Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлығына 2020 жылы ақпанда тағайындалған. Оған дейін екі жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор болып істеген.

Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" компаниясында қызмет еткен, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, автожол және жолаушылар көлігі басқармасының бастығы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364