Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1547 6 пікір 25 Шілде, 2023 сағат 14:01

Қазақстанға АЭС-ті қай ел салатыны белгісіз

These are the iconic cooling towers of a nuclear power plant. these oversized smoke stacks vent steam form the Power plant These were shot in Winfield, West Virginia, USA. The Image has a ominous vibe.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.

«Үкіметтің назарында тұрған жобалардың бірі – Атом электр стансасын салу. Тиісті Жол картасы бар, қазір соның аясында нысан салынатын орынды таңдау жөнінде қоғамдық тыңдау өтеді. Әрі қарайғы шешім сол қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша және Үкіметтің сарапшылармен ақылдасуынан кейін қабылданады. «Қазақстан атом электр стансалары» қазір өткізіп жатқан конкурс әлі күшінде. Ол жерде бірнеше әлеуетті қатысушы бар. АЭС салу туралы талай айттық. Конкурсқа қатысушылардың қатарын кеңейттік және Жол картасы аясында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Энергетика министрі.

 

Abai.kz

6 пікір