Қазақстан ақпарат алу құқығы жөнінен әлемдік көрсеткіште артта қалған
Қазақстан ақпарат алу құқығының жаһандық рейтингісінде 150 балдың небары 60-ын жинаған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің елдегі ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есебінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мемлекеттік билік органдарының қарамағындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру үшін құқықтық базаның күшін өлшейтін ақпаратқа құқықтың жаһандық рейтингінде (The Right to Information Rating) Қазақстан 2022 жылы мүмкін болатын 150-ден 60 балға бағаланды», - деп жазылған есепте.
Сондай-ақ құжатта кейінгі 6 жылдағы көрсеткіш берілген. 2017 жылы еліміз бұл рейтингіде 57 балл алса, 2017-2021 жылдар аралығында бірыңғай 61 балл алып отырған. Ал былтыр бір балы кеміп – 60 болған.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы жайттарды ескеріп, Қазақстан заңманасын мына бағыттарда жетілдіруді ұсынады:
- мемлекеттік органдардың ақпаратты ашып көрсетпеуге қатысты проблеманы шешетін тәуелсіз қадағалау органы мен санкциялар жүйесін құру;
- халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ақпаратқа қол жеткізу құқығынан ерекшеліктер тізбесін белгілеу. Мысалы, ұлттық қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, заңды коммерциялық мүдделер және т.б.;
- қоғамдық мүдденің міндетті басымдығын белгілеу;
- лауазымды адамдарға арналған оқыту бағдарламаларын енгізу және т.б.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz