Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1829 1 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 15:02

Мұғалімдерді сайлау комиссияларына қосуды шектеу: Министр не дейді?

Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжілісмендердің мұғалімдердің сайлауға қатысуын шектеуге және оларды сайлау комиссияларының құрамына қоспауға қатысты сауалына жауап берді.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагогті кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың не өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды. Бұл ретте сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтiнiштерiн қоса бередi. Осылайша, педагогтердің сайлау комиссияларына қатысуы ерікті болып табылады. Жалпы сіздер көтерген мәселелер бойынша жұмыс жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында», - делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір