Жұма, 22 Қараша 2024
2448 0 пікір 28 Шілде, 2023 сағат 15:10

Әр оқушыға 40 567 теңге беріледі - көмекті кімдер ала алады?

Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 400 мыңнан астам баланы мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, әрбір оқушыға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алуы үшін 40 567 теңгені құрайтын қаржы бөлінеді. Қаражат ата-аналардың карточкалық шоттарына аударылады.

"Бұл қаражат ата-аналарға балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын өз бетінше таңдап алуы үшін беріледі. Қабылданған шешім ата-аналар мен балалардың жеткізушілерді өз бетінше таңдауына мүмкіндік береді және сапасыз тауарларды ұсынуды болдырмайды", - деді Бала құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жолдас Батырхан.

Аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100% оқумен қамтамасыз ету үшін Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. "Всеобуч" қорының қолдауы аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі отбасы балаларына материалдық көмек көрсетіледі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ апатты жағдайға душар болған мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсетіледі. Оның ішінде Абай ауданындағы орман өртімен күресте қаза тапқан азаматтардың балалары да бар.

Министрлік өткен жылы мектеп жинақтарын сатып алу сомасы 17 мың теңгеден басталғанын еске салды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321