Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1657 0 пікір 1 Тамыз, 2023 сағат 19:58

Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді

Алматыда көпқабатты үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТЖМ. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, соңыра сөндірілген.

Үйдің 1 және 16 қабатында электр кабельдері жанған.

Еске сала кетейік, бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті. Олар 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

ТЖМ көпқабатты үйдегі тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған өрт сөндірушілердің суретін жариялады.

Алматыдағы «Ақкент» шағынауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы - балалар.

«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Abai.kz

0 пікір