Сенбі, 23 Қараша 2024
1750 0 пікір 3 Тамыз, 2023 сағат 15:04

Қазақстан: Діни білім алуға болатын елдердің тізімі аталды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ел азаматтары қандай шет мемлекеттерде теологиялық білім ала алатындығын жария етті. 

«Қазіргі таңда қазақстандықтар теологиялық (діни) білімді Египет Араб Республикасы, Түркия Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Иордания Хашимит Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы басқа мемлекеттерде алуда. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жастарымызды радикалды ағымдардың ықпалынан қорғау мақсатында белгілі теологиялық университеттермен, атап айтқанда «Хасеки» институты (Түркия Республикасы), Әл-Азһар университеті (Египет Араб Республикасы) Ташкент ислам университеті (Өзбекстан) және Ресей ислам университетімен (Ресей Федерациясы) келісімге қол қойған. ҚМДБ ұсынымы болған жағдайда қазақстандықтар жоғарыда аталған оқу орындарының кез келгеніне оқуға түсіп, біліктілігін арттыру курстарынан өте алады», - деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Мәселен, ведомство дерегінше, ҚМДБ мен Түркия Республикасы Дін істері басқармасы арасындағы келісім аясында 2023-2024 оқу жылына Түркияның «Хасеки» институтына Қазақстаннан 25 азамат оқуға қабылданды. Жалпы аталған оқу орнына 2013-2022 жылдары аралығында 189 Қазақстан азаматтары қабылданып, бүгінгі күні 102 түлек 3 жылғы оқуларын бітіріп, елге оралды.

«Сонымен қатар, Әл-Азһар университеті еліміздің жоғары білімді діни кадрларын даярлауда елеулі үлес қосып келеді. ҚМДБ ақпаратына сәйкес аталған оқу орынында 80 студент білім алуда», - деді министрліктен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369