Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1461 0 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 13:47

Астана Z және V белгілеріне тыйым салуды ұсынды

Қазақстан билігі "этносаясиланған белгілері бар" тауарларға тыйым салуды қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі жазды.

Егер бұл ұсыныс жүзеге асатын болса, Қазақстан аумағында "Вагнер" жеке компаниясының атрибуттарына, "Ресей армиясы", "Сыпайы адамдар" ("Вежливые люди") деген жазуларға, сонымен бірге Ресейдің Украинаға қарсы соғысын қолдауда пайдаланылған Z және V белгілеріне тыйым салынады.

Бас прокуратура өкілі Қуат Бапинов "2022 жылы орыс-украин жанжалы басталғаннан бері Қазақстанда киімдерге, ойыншықтарға және көліктерге Z, V белгілерін жапсыру, "Ресей армиясы", "Сыпайы адамдар" деген жазулар көбейді", - деді.

Осыған дейін Қазақстанда көліктерге Z белгісін жапсырып келген ресейліктерге жазуды мәжбүрмен өшірткен оқиғалар тіркелген. Елде бұл белгілерге ресми тыйым салынған емес, бірақ қоғам тарапынан наразылық бар.

Abai.kz

0 пікір