Бұл туралы бірқатар халықаралық агенттіктер мен батыс елдерінің баспасөзі дереккөзіне сүйеніп жазды. Бұл мәліметтерді украин президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак растады.
"Түрлік көзқарастар болды. Бірақ қатысушылардың бәрі өз елдері БҰҰ-ның жарғысын, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын сыйлау ұстанымдарына берік екенін мәлімдеді", - деді Андрей Ермак.
40-тай елдің өкілдері қатысқан жиында нақты бір құжат қабылданбаған. Себебі бұл жиынның мақсаты пікір алмасу болған.
Бұл жиынға Ресей шақырылмады. Эр-Рияд жиынның қорытындысы бойынша Мәскеуге мәлімет беретінін айтты.
Ермактың айтуынша, кездесуде украин делегациясы Украинаның аймақтық бүтіндігі туралы БҰҰ жарғысын сақтау, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты Киевтің 10 жобадан тұратын "бейбіт формуласы" жөнінде кеңірек мәлімет бергенін білдірді.
DPA агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлағандай, кездесуде Украинаға бейбітшілік орнату бойынша Сауд Арабиясы бастаған бірнеше өлкенің жаңа жоспарына ерекше көңіл бөлінген. Онда тараптар оқ атуды тоқтатып, БҰҰ араағайындығымен келіссөз жүргізуді бастау керек екенін жазған.
Дереккөзі: centralasian.org
Abai.kz