Сенбі, 23 Қараша 2024
2315 0 пікір 7 Тамыз, 2023 сағат 15:55

«Яндекс» компаниясының негізін қалаушы Қазақстан азаматы ма?

«Яндекс» компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Аркадий Волож жеке сайтында өзін «Қазақстанда туған» азамат ретінде көрсеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Аркадий Волож — Қазақстанда туған, израиль техникалық кәсіпкері, ғалым-компьютерші, инвестор әрі филантроп. 2015 жылдан бастап Израильде тұрады. Жаңа технологияларды зерттеу және әзірлеумен айналысады», - делінген кәсіпкердің сайтында.

Ресей оның өмірбаянында тек желілік және телекоммуникациялық соmptek құрылғысы бойынша ғана (Волож оны 1989-2000 жылдар аралығында басқарған) аталады.

«Яндекс» турасында былай делінген.

«Волож Еуропадағы ең ірі интернет-компаниялардың бірі NASDAQ тізімінде тұрған Yandex N.V. негізін қалаушы болды. 2022 жылдың маусымында Аркадий Волож осы қызметте 25 жыл жұмыс істеген Яндекс Н.В. бас директоры және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен кетті».

Волож өмірбаянында Яндекстің Ресеймен байланысы туралы ештеңе жазылмаған.

Сондай-ақ уикипедиядағы Волож өмірбаянының ағылшын тіліндегі нұсқасынан да Ресей Федерациясы туралы сөзді жойғысы келетіні байқалады. Волож туралы мақалаға өзгертулерді Тель-Авивте IP мекенжайы бар пайдаланушы жасайды, ол басқа мақалаларды өңдемейді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392