Жұма, 20 Қыркүйек 2024
2057 1 пікір 10 Тамыз, 2023 сағат 13:01

Путиннің заңы: Ресей мен Еуропа арасы суый түсті

eu x russia

Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік думаға әскери және төтенше жағдай туралы заңдарға өзгерту енгізуді қарастыратын заң жобасын өткізді. Құжат парламент базасында жарияланды.

Заң жобасы қабылданған жағдайда, Ресей Еуропа кеңесіне әскери және төтенше жағдай кезінде адам құқықтарының сақталуына қатысты халықаралық келісімдерден ажырау туралы ескертуге міндетті болмайды. Бұл туралы туралы "Коммерсантъ" хабарлады.

Бұның алдында Путин заң жобасы думада қаралған уақытта сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко талқылауларға президенттің өкілі ретінде қатысатынын айтқан.

Айта кетерлік жайт, былтыр мамырда Ресей Украинаға басып кіруіне байланысты Еуропа кеңесінен шығарылған. Содан кейін ресей Еуропа кеңесінің бірнеше конвенциясынан, соның ішінде адам құқықтары жөніндегі шартынан шыққан.

Ресей билігі Украинаның төрт облысында – Донецк, Луганск, Запорожье және Херсонда әскери жағдай жариялаған. Бұл өңірлерде соғыс жүріп жатыр. Әскери жағдай былтыр қазанда жарияланған.

Abai.kz

1 пікір