САЛЫҚТАН ҚАШЫП, ОФШОРДЫ ПАНАЛАҒАНДАР ТІЗІМІ
Олардың ішіндегі Н.Қаппаров отставкаға кете ме,
әлде министр болып отыра бере ме?
CA-NEWS(KZ) хабарлағандай, Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы (ICIJ) сайты әлемге әйгілі болған офшор иелері тізімін жариялады. Олардың ішінде 64-і қазақстандық бай-бағландар. Ішінде министр де, миллиардерлер де, сенатор да, банкирлер де, кәсіпкерлер де, бәрі бар.
Офшорлардың кеңейтілген базасы (Offshore Leaks Database) Британиялық Виргиния аралы мен Кайман, Кука, Сингапур аралдарындағы офшорлық аймақтардағы 100 мыңнан астам компаниялар мен қорлардың, трастардың қай елден, иесі кім, қандай операциялар жасағанын, кімдермен байланысатынын зерттеуге мүмкіндік береді.
International Consortium of Investigative Journalists (Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы) сайтындағы жарияланған тізім тек әшкере болған 2,5 миллион құжаттың нәтижесінде ғана жария болғандар. Бұл құжаттармен қазір 58 елдің 112 журналисі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Яғни, бұл тізім тек айсбергтің беті ғана…
Олардың ішіндегі Н.Қаппаров отставкаға кете ме,
әлде министр болып отыра бере ме?
CA-NEWS(KZ) хабарлағандай, Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы (ICIJ) сайты әлемге әйгілі болған офшор иелері тізімін жариялады. Олардың ішінде 64-і қазақстандық бай-бағландар. Ішінде министр де, миллиардерлер де, сенатор да, банкирлер де, кәсіпкерлер де, бәрі бар.
Офшорлардың кеңейтілген базасы (Offshore Leaks Database) Британиялық Виргиния аралы мен Кайман, Кука, Сингапур аралдарындағы офшорлық аймақтардағы 100 мыңнан астам компаниялар мен қорлардың, трастардың қай елден, иесі кім, қандай операциялар жасағанын, кімдермен байланысатынын зерттеуге мүмкіндік береді.
International Consortium of Investigative Journalists (Халықаралық Зерттеуші журналистер Консорциумы) сайтындағы жарияланған тізім тек әшкере болған 2,5 миллион құжаттың нәтижесінде ғана жария болғандар. Бұл құжаттармен қазір 58 елдің 112 журналисі зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Яғни, бұл тізім тек айсбергтің беті ғана…
Тыңғылықты зерттеулер арқылы тізімдегілердің Қазақстанда қай мекенге тіркелгенін, офшор компаниясының аты қандай, қандай компаниялармен серіктес және байланыс жасайтынын білуге болады.
Өткенде ғана “Ақ жол” партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Парламентте шетелдік офшорлық аймақтардағы Қазақстан ақшасын елге қайтару туралы мәселе көтергенде Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко: “Офшорлық аймақтарда Қазақстан азаматтары жоқ” -деп соғып жіберген болатын… Енді, міне, масқара болғанда Қазақстаннан бір емес, екі емес… бақандай 64 азаматтың аты жарқ ете қалды… Сонда Марченко мырза өзі айтпақшы, “ұят деген нәрсені ойламай”, сақалы сапсиып отырып, өтірікті бөсіп жіберген болды ғой… Немесе, ол әдеттегідей Ұлттық банктегі әйелдер әжетханасының өлшемін білгенмен, өзі негізгі білуі тиіс маңызды ақпараттан жұрдай… деген сөз.
Жалпы офшор дегеніміз не? Сөздіктерден білуімізше, ол ағылшынша offshore — «вне берега», сөзбе-сөз аударғанда «жағалаудан тысқары» яғни, салықтан тыс құрылатын, салықтық жеңілдіктерге арналаған қаржылық орталық, аймақ. Қарапайым тілмен қазақшалап айтқанда тапқан табысынан мемлекетке, халыққа салық төлеуден қашқан қалталылардың ордасы.
ICIJ арқылы жаһанға жария болған қүпия офшорлар тізімі көптеген елдерде лауазымды тұлғалардың отставкілеріне себеп болды… Атап айтқанда, Австриядағы отставкілер орын алып, Израилдағы тергеу амалдары жүруде. Енді Үлкен сегіздік елдері салықтан қашқандармен күресті күшейтуге кірісті…
Ал біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз заңнан да, ардан да, салықтан да тәуелсіз, бәрінен тәуелсіз олигархтарын не істейді енді? Ойбау-ау, олардың ішінде Еуразиялық топтың қазақ қазынасын сатып, миллиардерлер атанған әйгілі үш ноянының екеуі –Машкевич, Патох Шадиевтердің, «өзіміздің» миллиардер Өтемұратовтарды былай қойғанда, мемлекеттік лауазым иеленіп отырған Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров та бар ғой!.. Сенатор Икрам Адырбековтің де аты көзге шалынып қалды…
Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров бұрын да жоғары лауазымдарда, энергетикалық ресурстар вице-министрі кезінде атышулы істерде аты шығып қалып, орнынан түсіп, шетелге кетіп қалып, тыншыған еді. Сөйтіп жүргенде, аяқ астынан тағы да министр болып шыға келгенде, «бұл қалайды» біраз БАҚ жазып еді… Енді, міне, аяғы мынадай болуда…
Шамасы, халықтан, салықтан қашып, офшорды паналағанмен Нұрлан Қаппаров сол халықтың салығы арқылы ұсталатын Үкіметке мүше болып, министрдің майлы орнына жайғасудан тартынбаған секілді… Бұл масқара парадокс емес пе? Мемлекетке салық төлеуден қашу үшін өзін офшормен қоршап-қорғауды жақсы білетін Қаппаров Қоршаған ортаны қорғауды қалай дамытады десеңізші?!.
Біз «елдің миллиардтарын үптеп кеткен Мұқтар Әблязовтың шетел офшорлық аймағында 31 компаниясы бар екен» деп, құйрығына қоңырау байлап, айқайлап жүрсек, Әблязовпен кезінде Алматыдағы физика-математика мектебінде бірге оқыған есебі күшті достарының бірі Нұрлан Қаппаровыңыздың офшорлық есебі де одан кем көрінбейді… Өйткені, тізімде 47-і болып тұрған Алимбек Сейдуллаевтың Lancaster компаниясы басқарма төрағасы екенін ескерсек, ол компанияның да тізгіні Нұрлан Қаппаровта болғаны елге белгілі. Бұл біраз ойларға жетелейтіні анық…
Өзге, біз ұмтылып жүрген дамыған елдерде мұндай әшкереден соң министрлер өздері-ақ отставкіге кетуде… Ал біздің Қазақстанда бәрі керісінше болуы да ғажап емес…
ICIJ сайты арқылы Қазақстандық өзге офшор иелері туралы толық мәліметтер алуға болады. Ол үшін олардың нақты аты-жөнін немесе Kazakhstan деп жазсаңыз жеткілікті.
Біз төменде белгілі болған қазақстандық офшор иелері тізімін өздері жақсы көріп, оқи алатын орыс тілінде жариялап отырмыз. Әрине, олардың бәрі заңсыз әрекет арқылы салықтан жалтарып отыр деп кесіп айта алмаймыз. Оны анықтау құзырлы органдардың қолында.
Қазыбек ИСА
www.qazaquni.kz
Список владельцев офшоров в Казахстане:
- Владимир Пак (связан с Андреем Паком и Алмасом Султангазиным)
- Андрей Пак (сооснователь компании “Сулпак”)
- Алмас Султангазин (основатель и владелец компании “Сулпак”)
- Владимир Чумашкаев (генеральный директор компании “Батыс Калий”)
- David Sturt (2006-2012 основатель и генеральный директор “Exillion Energy”)
- Аскар Самбетбаев
- Александр Машкевич (известный миллиардер,компании, возглавляемые Машкевичем, контролируют алюминиевую (в том числе Павлодарский алюминиевый завод), железорудную, хромовую промышленность Казахстана,основатель компании ENRC)
- Рауп Шодиев (родной брат Патоха Шодиева)
- Патох Шодиев (казахстанский миллиардер, проживающий в Лондоне, родом из Узбекистана, совладелец компании “ENRC Group”)
- Евгений Ли
- Михаил Шин
- Бахытжан Абдуалиев
- Богдай Юрий (входит в состав Совета Директоров “Казахстан Кагазы”)
- Алтай Байшулаков
- Павел Тетяков
- Юрий Зайцев
- Ибадильдин Нурхат
- Вячеслав Шевцов
- Нурбек Аязбаев (член правления АО “Евразийский Банк”)
- Данияр Дусенов
- Айбек Байсакалов (директор, холдинг “Касипкор”)
- Виталий Лешков
- Берик Едресов
- Наталья Пак
- Арман Кужанов
- Ботагоз Аманбаева
- Миржалалов Сабир
- Тимур Истатаев (возглавляет и АО «Bank Kassa Nova», а также занимает пост генерального директора ТОО «Verny Investments». Член совета директоров АО «ForteBank», президент Федерации стендовой и практической стрельбы РК)
- Гарифолла Кашапов
- Салменова гульжан
- Александр (Генеральный директор Capital Partners)
- Катя Брайтвелл (президент и председатель правления Caspian International Oil Corporation (CIOC)
- Денис Выходцев
- Виталий Кучура (бывший топ-менеджер «питерской группы связистов»,Кучура участвовал в уводе у российской Eventis Telecom – крупнейшего в Кыргызстане мобильного оператора Megacom)
- Нурлан Капаров (владеет 25% в Lancaster Holding Ltd и крупной долей в Казинвестбанке)
- Исламбек Салжанов (2000-2001 Директор Актюбинского филиала ТОО «Казахойл-Продактс», дочернее предприятие АО «НК «КазМунайГаз» (строительство и эксплуатация АЗС «КазМунайГаз», наст. время Учредитель и Генеральный директор группы компаний «Алтын Қыран»)
- Райхан Булекова
- Александр Чуб (электронные платежи Kiwi)
- Шынар Диханбаева (Член Совета директоров АО “Казахстан Кагазы”)
- Данияр Есалиев (генеральный директор ТОО “Казкорсервис”)
- Гаппоев Эдвард
- Пак Евгений (владелец фирмы “Вимпекс”)
- Юрий Пак (владеет четвертью Lancaster Holding Ltd и долей в Каз¬инвестбанке. Он член СД Lancaster Group и председатель совета директоров Ersai Caspian Contractor)
- Сергей Калмыков
- Максим Зайцев
- Руслан Мурзабаев
- Алимбек Сейдуллаев (Председатель Правления Lancaster. До прихода в Ланкастер Инвест руководил крупной казахстанской телекоммуникационной компанией TNS Plus Corporation и компанией IPNet, выступившей одним из первых провайдеров услуг геостационарной спутниковой связи в России)
- Леонид Вологов
- Курманали Ашаков (директор Уральской цементной компании, совладелец ТОО “Экпсо-Центр Астана”)
- Асылбек Килимов
- Ержан Куанган (в 2008 году управляющий директор и вице-президент “Альянс Банка”)
- Берик Каниев (председатель cовета директоров АО «Сырымбет» (добыча и переработка оловосодержащих руд), председатель совета директоров группы компаний Lancaster Group, член совета директоров ТОО «ERC Holding», член совета директоров ТОО «ERSAI»)
- Даурен Сарсекеев
- Айгуль Нуриева (В августе 2012 года TeliaSonera купила сети WiMAX у казахстанской компании Alem Communications за $170 млн. 85,53% Alem Communications, по данным АФН, принадлежит Айгуль Нуриевой через ТОО «Midas Telecom», в котором она значится единственным собственником)
- Wang Jiangang
- Letitia Diergaardt
- Гиль Смолински (владелец ТОО «Научно-технический центр новые технологии — Астана»)
- Икрам Адырбеков (Депутат Сената Парламента Республики Казахстан)
- Асель Кикбаева
- Айден Сулейманова
- Токмурзин Расул (президент, управляющий партнер ТОО “First Legal”)
- Марат Кабдыкулов (владелец группы компаний “Каусар”)
- Зелимхан Ханукаев (крупный акционер ТОО “Прикаспийский машиностроительный комплекс”)
- Даурен Утемуратов
Международный Консорциум Журналистов Расследователей подчеркивает, что указанные в списке владельцы офшоров не обязательно преступают закон или же по каким-то причинам пытаются скрыть свой бизнес и доходы.